Жексенбі, 24 Қараша 2024
1137 0 пікір 24 Сәуір, 2023 сағат 15:37

3 мыңнан астам Алматы тұрғыны банкроттыққа өтініш берген

3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталды, бүгінде алматылықтардан 3 662 өтініш түсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі мәлімдеді.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қарыздармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Айдос Будугуловтың сөзінше, 24 сәуірдегі жағдай бойынша 3 662 азаматтан өтініш түсті.

«3662 арыздың 3055-і қаралды. Оның ішінде 503 азаматқа қатысты соттан тыс банкроттық рәсім жүргізілді, бұл түскен өтініштердің 14% пайызы. Сонда-ақ өтініш берушілердің 362-і атаулы әлеуметтік көмек алады»,- деді Айдос Будугулов.

Айтуынша, 2 552 арыз соттан тыс банкроттық бойынша өтініш беруден бас тартты.

«Соттан тыс тәртіпте банкроттық туралы өтініш бергенде белгілі бір талаптар қойылады. Азаматтар бұл тәртіпті 1600 АЕК-тен жоғары (2023 жылы – 5 млн 520 мың теңге) және кредиторлар алдындағы берешектердің барлық түрлері бойынша қолдана алады», - деп нақтылады брифинг спикері.

Айдос Будугулов өзін банкрот деп жариялағысы келетін жеке тұлғалардың әрбір өтініші 15 жұмыс күні ішінде қаралатынын атап өтті.

«Банкроттық рәсімінің өзі 6 айға созылады, оның мерзімі өткеннен кейін банкрот деп танылған азаматтардың тізімі уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады. Соттан тыс банкроттық туралы өтініш беру үшін азаматтар «e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы, сондай-ақ азаматтарға арналған Үкімет порталына жүгіне алады. Сонымен қатар, ХҚО арқылы қағаз жүзінде өтініш беруге болады. Ал соттың банкроттық рәсімінен өтуі үшін тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіну қажет»,- деді ол.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572