Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3533 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 04:03

Болатбек МҰХТАРОВ. Құлекеев жазасын жеңілдетілген режимде өтейтін болды

Үш жылға бас бостандығынан айырылған «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» АҚ-тың бұрынғы президенті Жақсыбек Құлекеев Астанадағы тергеу изоляторынан қоныс-колонияға ауыстырылатын болды. Жазасын өтеушінің осы туралы өтінішін сот қанағаттандырған.

Еліміздің бұрынғы бас теміржолшысы 2008 жылдың бірінші сәуірінде тұтқындалған болатын. Алғашқыда оған «пара алды» және «қызмет бабын теріс пайдаланды» деген айыптар тағылды. Бірнеше айға созылған тергеуден кейін қараша айында Құлекеев алдыңғы айыптан толық ақталып, соңғы айып бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған қатысты жалпы режимдегі колонияда үш жыл жаза өтеу және жетекшілік қызмет атқару құқығынан бес жылға айыру туралы үкім шығарды. Қазір Жақсыбек Құлекеевтің темір тордың ар жағында өткізуі тиіс уақытының екі жыл, екі айы қалды. Ол бұл мерзімді өтеуді Алматы облысындағы қоныс-колониялардың бірінде жалғастырмақ. ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне сай, қоныс-колонияларда байқаусызда қылмыс жасаған және аталған заңнаманың 73-бабы бойынша жазасы жеңілдетілген сотталғандар жазасын өтейді.

Самал ҒАДІЛБЕКОВА, ҚР  Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің бас инспекторы:
- Құлекеев мырза ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне арызданды. Комитет сол арыздың негізінде тиісті құжаттарды жинақтап, сот органдарына табыс етті. Қазіргі уақытта соттың шешімі шықты. Енді алдағы күндері Құлекеев Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасына қарасты қоныс-колонияға ауыстырылады.

«Алаш айнасы» газеті, 29.08.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276