Қазақстан мен Қытайдың қорғаныс министрлері Нью-Делиде кездесті

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті.
Ведомство мәліметінше, тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылаған.
Үндістан астанасы Нью-Делиге Қазақстан Қорғаныс министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесіне қатысуға барған болатын.
Abai.kz