Сенбі, 23 Қараша 2024
2048 3 пікір 2 Мамыр, 2023 сағат 13:21

Гүлмира Сатыбалды: «Саяси режимнің құралына айналдым»

Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтты. Ол айыптаулармен келіспейтінін атап өтіп, судьядан өзін ақтауды сұрады, деп жазды Ulysmedia.kz.

Сотталушының сөзінше, оның ісі – саяси астары бар жасанды түрде құрылған резонанстық саяси іс.

«Елдегі сыни ойлауы бар кез-келген адам менің ісім біздің мемлекетімізде болған саяси өзгерістерден туындағанын түсінеді. Мені тұңғыш президенттің отбасымен байланыстырады, мен оның туған жиені Қайрат Сатыбалдының әйелі дейді. Алайда мен Қайраттан 20 жыл бұрын ажырасып кеттім және саяси ықпалым жоқ», - деді Гүлмира Сатыбалды сотта сөйлеген сөзінде.

Ол елдің мүдделеріне «шынымен» қол сұғатын адамдарды жауап беруге шақырды.

«Мен бұрынғы саяси режиммен соғыста билік құралы болмауым керек, өйткені 20 жылдан бері бұрынғы президенттің  отбасы мүшесі емеспін. Біздің саяси режиміміз бұл күресте қорғансыз әйелді емес, мемлекет мүддесіне қол сұғатын адамдарды таңдауы керек еді», - деді ол.

«Прокурор ұстанымға беріктік танытып, сотта мен әсер еткен саяси қайраткерлерден жауап алсын. Олардың барлығы қазір қайда? Әлі күнге дейін билікте отырып, заңсыз сот актілерін шығарып жатыр ма?»,- деді Сатыбалды.

Еске салайық, 14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының N2 сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. Сотталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар. Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдауда қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге өзгерту туралы өтініш білдірген болатын. Судья Имашев өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ, прокурор Әлмира Қожахметова Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқанын айтқан.

Айта кетсек, бұдан бұрын  Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешова өтемақы ретінде 760 млн теңгеден астам ақша сұрады. Ол Гүлмира Сатыбалдының бұйрығымен қалай ұрланғанын егжей-тегжейлі айтып берген болатын.

Алайда Мекешова кейіннен талап арызынан бас тартты.

Ал кәсіпкер Алагөзов Гүлмира Сатыбалдыдан 6 миллиард 985 миллион теңге шығын және 5 миллиард теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіріп алуға ниетті.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341