Мінгескен мерекелер...
Қазақстанның бір орашолақ ісі - бір мерекеге екінші мерекені әкеліп «мінгестіріп» жіберуі ғой. 16 желтоқсан - «Желтоқсан құрбандарын» еске алатын қасіретті күнге әкеліп, 17 желтоқсан қасиетті «Тәуелсіздік мерекесін» тіркестіріп жіберді. Ақыры, қазақ үшін қастерлі бұл екі күн де 1 қаңтар - «Жаңа жыл мейрамының» көлеңкесінде қалып қойды.
Сосын 7 мамыр күнін «Отан қорғаушылар күні» (Бердіоңғаров дейтін жігітіміз депутат кезінде осы мейрамды елемей, Ресейдің 23 ақпан күнімен әріптестерін құттықтаймын деп Б.Тілеухан ағамыздан сөз естіген болатын) деп белгіленген еді, бұл мереке 9 мамыр - Жеңіс күні меркесінің тасасында қалып қойды. 7 мамыр күні қалаларда, теледидарда қаншама әдемі концерттер мен шаралар ұйымдастырылады. Алайда бұл шаралардың барлығы Жеңіс күніне арналғандай болады да шығады.
Шындығында 7 мамыр - «Отан қорғаушылар күнінде» ертедегі Қарабура әулие, Ер Қаптағай, Қабанбай, Бөгенбай батырлардан бастап, Жанқожа батыр, Хан Кене, біздің заманымыздың батырлары: Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсенов, Әлия мен Мәншүкке дейінгі, күні кешегі Ауған соғысына қатысқандар ұлықталып, Қазіргі Қазақстан Қарулы күштерінің әлеуетін көрсетіп Қазақ елінің қаһармандық тарихын мадақ етуге болар еді. Сонымен қатар, 8 наурызда қыз-келіншектерді құттықтасақ, 7-мамырда ер-азаматтарды құттықтайтын да дәстүр бар.

Мерекенің атына келер болсақ, 9 мамыр «Жеңіс күні» болып қала береді. Тек оның аталуын былай өзгерту керек: 9 мамыр - «Жеңіс және фашизм құрбандарын еске алу күні» . Қазір қарасақ, Ресей «Фашизмді жеңдік» деп күпсінеді, ал фашизм оңайлықпен жеңіле салатын нәрсе емес. Ол - сұр індет. Қазір Ресейдің әлгі өзге ұлттарды (тәжіктерді, өзбектерді, қырғыздарды, қазақтарды, кавказдықтарды) өлтіруге, қыруға шақыратын тақырбас жастары - скинхедтер сол фашизм (неофашизм) идеяларымен қаруланған. Бір кезде фашизмді жеңген елдің бүгінгі жастары нағыз фашистке айналды. Аталары фашизмге қарсы күресемін деп қан төкті, ал немерелері фашистерге айналды. Бұл күн ондай сұмдық енді ешқашан болмасын деп, «фашизмге қарсы күрес күніне» айналуы тиіс. Адамзат қоғамы енді ешқашан «фашизм» және «расизм» атты дерттерге шалдықпауы тиіс.
Мамыражай басталатын мамыр айының аяғы бізде «Репрессия құрбандарын еске алу күнімен» аяқталады. Ал бізде 20-30 жылдардағы 4 млн Қазақтың өмірін жалмап кеткен аштық құрбандарын еске алатын қаралы күн жоқ. Сондықтан, 31 мамыр - «Қуған-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні». Аталып, бұл күн қаралы күн және еске алу күні ретінде аталып өтілуі тиіс. Бұл күн шын мазмұнында «Тоталитаризм мен диктатураға, автократияға қарсылық» («Әміршілдік пен өктемшілдікке, әміршілдікке қарсылық күні») күні ретінде де аталып өтілуі керек.
Серікжан, Abai.kz сайтының тұрақты оқырманы-уәжгері