Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3110 0 пікір 7 Мамыр, 2013 сағат 09:14

Ықылас Ожайұлы. Мемлекетті чиновник емес, зиялы басқаруы керек

Біз кім үшін өмір сүріп жүрміз? Ұрпақ үшін бе? Егер ұрпақ үшін болса неге өзімізді-өзіміз қорлай береміз? Бұл сұраққа жауап та дайын секілді: құлдық сананың құлымыз. Тек қасымыздағы қазақтар бақытты болса ғана өзіміздің бақытты болатынымызды түсінбеген топастығымыз. Біле тұра өзгенің айтағына ерген ит мінезділігіміз. Көре тұра көзімізді тайдырған жасқаншақтығымыз, жақынымызды жатқа тепкен жат бауырлығымыз, қасқыр мен жылқы құрлы ойлай алмаған хайуаннан бетер намыссыздығымыз, екі жүзділігіміз бен сатқындығымыз. Бұл шын білім мен тәрбиеден адасып, тектен айырылған тобырдың қылығы. Біз осыған да мәз болып мақтанып жүрміз.

Біздің айтпақшы болып отырғанымыз, әне, сондай тобырды ояту үшін мінез танытқан, елдің көшіне ие болар ер тәрбиелеуді мақсат еткен ұстаз, құлын жырын кісінетіп, қасқыр намысын қанына жаныған ақын жолдасымыз Ықылас Ожай болатын.  Кеше ғана ақпараттың қазанын сапырған тілші бүгінгі  Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университеті журналистика факультетінің оқытушысы. Алып Алтайдың теріскей бетінде туып,  атамекенге қоныс аударып Сарыарқаның төсіне отауын тіккен Ықыласпен әңгімені азаматтық ұстаным жайында өрбіттік.

 

 

Абайдың екі сөзі немесе қазақты құтқаратын байлық пен билік

Біз кім үшін өмір сүріп жүрміз? Ұрпақ үшін бе? Егер ұрпақ үшін болса неге өзімізді-өзіміз қорлай береміз? Бұл сұраққа жауап та дайын секілді: құлдық сананың құлымыз. Тек қасымыздағы қазақтар бақытты болса ғана өзіміздің бақытты болатынымызды түсінбеген топастығымыз. Біле тұра өзгенің айтағына ерген ит мінезділігіміз. Көре тұра көзімізді тайдырған жасқаншақтығымыз, жақынымызды жатқа тепкен жат бауырлығымыз, қасқыр мен жылқы құрлы ойлай алмаған хайуаннан бетер намыссыздығымыз, екі жүзділігіміз бен сатқындығымыз. Бұл шын білім мен тәрбиеден адасып, тектен айырылған тобырдың қылығы. Біз осыған да мәз болып мақтанып жүрміз.

Біздің айтпақшы болып отырғанымыз, әне, сондай тобырды ояту үшін мінез танытқан, елдің көшіне ие болар ер тәрбиелеуді мақсат еткен ұстаз, құлын жырын кісінетіп, қасқыр намысын қанына жаныған ақын жолдасымыз Ықылас Ожай болатын.  Кеше ғана ақпараттың қазанын сапырған тілші бүгінгі  Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университеті журналистика факультетінің оқытушысы. Алып Алтайдың теріскей бетінде туып,  атамекенге қоныс аударып Сарыарқаның төсіне отауын тіккен Ықыласпен әңгімені азаматтық ұстаным жайында өрбіттік.

 

 

Абайдың екі сөзі немесе қазақты құтқаратын байлық пен билік

- Біз кім үшін өмір сүріп жүрміз? Ұрпақ үшін бе? Егер ұрпақ үшін болса неге өзімізді-өзіміз қорлай береміз?

 

- Жалпы адам баласы «не білдім?» , «не істеуім керек?», «кімге үміт артамын?» деген сұрақтар шырмауынан бір сәтке де арыла алмаса керек. Мен өз ұлтым жайлы мынаны білдім: осыдан бір ғасыр ілкіде қазақ руханияты адам айтқысыз аномолияға ұшырады. Ұлт көсемінен ауыл мұғаліміне дейінгі аралықты қамтыған  көкжөтел  науқан  халқымыздың  рухани генологиясына сілтенген балта болатын. Бұл қасірет қауашағы сау қазақтың қаймағын сиырып, қанын бұзды. Тұтас бір текті, дегдар буын жер қойнауына сапар шекті. Колчактың «Мен кез келген халықтың бес жүз зиялысының   көзін құртсам сол ұлтты өзіме сөзсіз бағындырған болар едім» деген ойы расқа айналды. Бес жүзіңіз бер жағы ғана екен, отыз мыңға жуық аристократтар ажал құшты.  Шіркін, бұлар қандай еді, не бары жиырмадағы жас өрендерінің өзі мемлекеттік масштабқа көтеріліп, миләттік мазмұнда ойлай алатын  пассионар тұлғалар еді. Осындай феномен тұлғаларынан айырылған қазақ халқының рухани вакумы бос кеңістікке айналды. Бұл вакум әлі толған жоқ. Қазақ қоғамы шын зиялыға шөліркеп тұр. 1931 жылы Мұстафа Шоқайдың  «Яш Түркістан» журналында «Ұлттық зиялы»  деген мақаласы жарық көрген болатын. Бұл материалда Шоқай  «Шын зиялы деп кімдерді атаймыз?» деп гамлетті сұрақ қоя отырып, зиялыға тән критерийлерді түгелдей анықтап береді. Біз қазір Шоқай танымымен таразылайтын болсақ, бүгінгінің он зиялысын табудың өзі үлкен машақатқа айналып, он саусағымызды толтыра алмай шәт-шәлекейіміз шыққан болар еді. Абай жарықтық:

 

«Көп шуылдақ не табар,

Билемесе бір кемел.

Единица кеткенде

Не болады өңшең нөл»  - дейді.

 

Бұл бүгінгі  қазақтың айна қатесіз портреті. Біз зиялылар керуенін дәлірек айтсақ, критикалық массаны жедел арада жасақтауымыз керек. Мен осыны біліп, осыны түсіндім. Ал не істеуім керек деген жоғарыдағы сұраққа қайтадан қайырылыс берер болсам, тек ағартумен ғана айналысуым керек дегенді өзіме айнымас азаматтық ұстаным етемін. Сол үшін университетке келдім. Үйрету үшін үйренуің қажет. Алдыңғы буын ағаларымның көпті көрген тәжірибесін бойыма жұғысты еттім. Бұл жерде ол кісілердің бәрін атап отыруға уақыт тапшы.  Бір шындығымды айтайын. Алдыңғы буын бабалар мен ағалар тізімінің басына  тек Абайды ғана қоямын.  Неге десеңіз ол - қазақ  руханиятының  реформаторы ғана емес,  Гиппократы. Қазақ жан ауруының ем-домының рецептісін жасаған ұлы дәрігер. Хакім өзінің 41- қара сөзінде: «қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек» дейді. Біріншісі, «өкімет жарлығы қолында болу керек» яғн билікке шын дегдардың қол жеткізуі керек десе, екіншісі «есепсіз бай болу керек», яғни бекзада болмысты буржуазия құруды айтып отыр. Бізде қазір екеуі де жоқ. Бұрын болған. Атып, асып барлығын тып-типыл етіп тастады. Бүгінгінің «байы» жемқор  болса, «зиялысы» шенеунік. Мемлекетті чиновникемес зиялы басқаруы керек. Зиялы басқармаған ел түбі бір мүсәпірлік пен мүгедектікке ұшырайды. Алаштың да арманы осы болатын.  Бұл екеуі бізге қазір ауадай қажет.Ағарту дегеннен шығады,осы екі топтан тұратын қаракөктер эстафетасының қалыптасуына қадери-қалімше өз үлесімді қоссам

деймін.

 

Ілім мен білім екі  нәрсе

 

- Өзіңіз білім саласында қызмет істеп жүргендіктен бүгінгі білімнің жай-күйіне тоқталып өтсеңіз?

 

- Біздегі білім өзінің төл хронологиялық тамырынан ажырады. Мәні майысып, мағынасы өзгерді. XX ғасырда жәдитшілдіктің негізгі бастауында тұрған  Әл - Фараби мен Ғазали,  Маржани мен Абай сусындаған жәдизмге Исмаил Гаспринский жаңаша сипат әкелді. Ресей империясының колонизатор саясатынан өріс алған білімге емес, ілімге құрылған  қадымшылдық мектеп жәдитшілдіке   қарсы жау болды. Қазақ ішіндегі мектептер мен медреселер жабылып есесіне орыс школдары ашылды. Осы қалді аңдаған  Шахмұрат ақын: «Әне қадим қара бұлт үстін басқан, міне жәдит дүниеге нұрын шашқан» деп жырлады. Қадымшылдық қазақтың қауашағын өзгертіп, бозжусан болмысын бұзды. Төл білім беру жүлгесі басқа арнаға ауысты. Матералистік идея етек алып ұлт мүддесін оқалы шапанға айырбастаған «шариғатқа шала» сауаттылар белең алды. Бұған Шәкәрім қажы «Ғылым деген бұл болса әдірә қалсын» деп  өз бағасын берді.  Енді жоғарыдағы ілім мен білім ұғымдарының ара-жігін ашалап көрелік. Ілім -  ойдан жасалған ұр да жық ұрандар  мен саясат сойылына ғана  құрылады. Дәлірек айтсақ, алжыған ақсақалдардың көзқарасынан тұрады. Оның бүгінгі рас дегені ертең қып-қызыл қиғаштық пен қиянатқа айналады. Кешегі маркстік, лениндік идеологияға күйлеген ұрандар ақиқат екені рас болса, бүгін қайда кетті. Біз соның бәрін бес саусағымыздай білсе тұра күресуге  шын дәрменсізбіз. Бар болғаны білімнің техникалық құралы ғана саналатын  интерактивті тақта мен интернетті үлкен білімнің санатына жатқызып заманауи білімдіміз деп зарланудан танар емеспіз. Ергежей есіміз техникалық құрылғыны кенен біліммен алмастырып алды. Тестпен сынақ тапсырғанды ерекше мәртебе көріп «бұрын соңды мұндай  жаңалық қазақта болмаған» деп үзеңгі бауымыз үзілердей шіренеміз. Нәтижесінде қазақ ғылымы  қайда? қашан? кімге? неге? деген сұрақтарға ғана жауап беретін кроссвордқа (сөзжұмбаққа) айналып барады. Ал білімге келер болсақ, ол  тек авсолютті ақиқатқа ғана таған тірейді. Танымдық  білімге өтпелі конъюктураның қатысы жоқ. «Білім анасы - тәжірибе» дейді. Алпыс екі тамырыңның айналымына түсіп бойға сіңген білімнен ғана  азаматтық болмыс пен елшілдік шығады. «Тәрбиесіз білім адазаттың қас жауы деген» Әл-Фараби мен «Ғазәзіл ұжмақтан білімсіздігінен шыққан жоқ имансыздығынан шықты. Ұлтына, жұртына қызмет қылу -  білімнен емес, мінезден» деген Әлихан  сөзінде рухани ақиқат бар.   Бұл жерде қолданылып тұрған «тәрбие» мен «мінез» сөзі иманды, парасатты,  білімді бір сөзбен айтқанда «толық адам» ұғымының жиынтық атауы. Бұдан шығатын  қорытынды нағыз ғалым дегеніміз - филология немесе философия ғылымының докторы, профессор емес, (етікші етік тігудің қыры мен сырын жетік білетіні секілді, бұл  адамдар да  бір саланың  кәсіби майталмандары ғана ғой) екі дүниенің сырын еркін бағамдап, төрт  құбыланы түгел таныған тұлғаны ғана ғалым деуге болады. Өкінішке қарай, ғалымның білігі мұндай өлшемдермен емес қатырма қағаздармен ғана анықталатын болды. Имам  Ғазыралы есімді ғұламадан: «Боқшаларда, ыдыстарда сақталған  ғылым  емес, кеуделерде сақталған ғылым ғана - нағыз ғылым» деген тәмсіл қалыпты. Рас, біздің ғылым «адам кеудесіне хикмет» дарытатындай, «бойға қуат, ойға көз» бола алмай тұр.

Бұл  бізге білім мәселесіне жаңаша бетбұрыс жасайтын  мезгіл мизамының  әлдеқашан жеткендігін сездіреді...

 

Шариғат қағидалары уақытқа қарай өзгереді

 

- Соңғы жарты ғасырда діни рең алған саясаттың күллі адамзатты тіміскілей бастағанын ешкім жасыра алмайды. Залымдардың мақсатты түрде жасаған хадистері мен бұрмалаған хадистері онсыз да ойлауға мұрсат таппаған әлсіз  халықты әуреге түсіргені де өтірік емес. Ошақтың үш бұтындай дін мен тілді, ділді дүмшелікпен түсіндірді.  Салт-дәстүрге діни сипат беріп, қалыптасқан ділге алапат соққы берді. Туысқанды араздастырып, жамағайынды жат қылды. Осы бір шындыққа қалай қарайсыз?

 

- «Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,

Оны бұзып дұшпандық қару жасар.

Сүйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,

Дін десе білімділер тұра қашар» деген  Шәкәрім сөзі бүгінгі ақуалымыздың барометрі. Шариғат қағидалары уақытқа қарай өзгеріп отырады. Мұны Шәкәрімнің рухани ұстазы  Абай хакім де «Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф Алла еш жерде өзгермеді», - дейді.  Біздің бір Аллаға деген сеніміміз гносеологиялық танымға айналмай-ақ қойды. Көбіміздің дін исламға деген танымымыз көзқарас пен пікірлер аясынан аса алмай   қалып отыр. Әсіресе, өздерін зиялы қауымбыз деп санайтын топтар.  Олар  қасиетті Құран қағидатына бейімделудің орынына оны өздеріне қарай бейімдегілері келеді. Тіпті намазды гимнастика санайтындары  да бар. Рас, хаһ ислам - күллі даналық пен парасаттың тұмасы. Мұны бүгінгі қоғам қал-қадірінше түсініп келеді. Адамның өмір сүрген жағрафиялық ортасы мен климатына байланысты адамның антропологиялық бет пішіні, киім киісі, менталитеті, әдет ғұрпы қалыптасады. Арабтың киімі арабтың климатына негізделген. Сәлде мен мәсі, тас пен мисуак (тіс тазалайтын ағаш) - бұлар бар болғаны сонау жетінші ғасырдың киімдері мен тұрмыстық бұйымдары болатын. Осыны кей бауырларымыз түсінгілері келмейді.  Қазіргі таңда батыстың мазағы болып, соғыс пен қантөгістің негізгі ошағына айналған не білімнен, не ғылымнан ада Ауғанстан мен Ирак секілді  ислам мемлекеттерінің түбіне  осы жетінші ғасырдан жылыстамаған консерваторлығы жетті. Батыс дегенен шығады  Еуропада ислам дінін қабылдаушылардың күн санап көбейіп келе жатқаны христиандар үшін үлкен үрей болып тұр. Сондықтан олар бұл үдерісті тоқтату үшін дін исламға  «экстремист», «террорист», «қаныпезер» деген секілді негізсіз жалалар жауып, ел ішіне  іріткі салудан алдарына  жан салмай келеді. Өкінішке қарай,  Қазақстан ислам мемлекеті бола тұра батыстың қолдан жасаған қуыршақ ақпараратына алданып қалып отыр. «Бізде де террористтер толып жүр» деп билік ел ішіндегі  экономикалық, әлеуметтік мәселелерден өршіген жағдайларға діни рең бергілері келеді.  Дұрысы, билік жауды діннен емес, дінсіздіктен (имансыздықтан) іздеу қажет.  Таным биігінен қарар болсақ   хаһ ислам адамзатты бекзада болмыс пен парасатқа, ғылым мен білімге жетеулеуші нағыз көркемдікке толы прогрестің өзі. Осы бір ақиқатты насихаттап жеке-жеке жіліктеп тұрып түсіндіріп беру дін ғалымдары  мен  мешіт қызметкерлерінің міндеті еді. Әзірше бұл тілегіміздің көші оңға баса алмай, тұралап тұр. Имамдарымыздың пассионарлық міндеттерін түгендемегенде, мешіттегі айтқан уағыздарының өзі қасаң қағидалар мен сірескен схолостикалық догмаларға толы.  Ешқандай ізденістерден ада осы уағыздарды тыңдасаң қарының ашады. XIX ғасырда Абай, XX  ғасырда  «Алаш» арыстары сынаған молданың оқуы мен тоқуы содан бері аттай  екі ғасыр өтсе де ешқандай нәтиже бермей келеді. Алланың алдында ұлт пен ұлыстың бәрі бірдей. Демек, мұсылман болу үшін  араб болып дүниеге келудің ешқандай қажеті жоқ. Бір Аллаға иман келтіріп шәһадатқа тіл келтіріп, соған амал еткен күннен бастап біз, құдайға шүкір мұсылманбыз. Өкінішке қарай, осындай қарапайым ғана қағидаларды ескермей араб  ұлтын рухани айна ретінде қабылдап, күллі ғұмырын, одан қала берді өмір тіршілігін осы бір ұлтпен  етене сабақтастыратын деструктивті топтар да жоқ емес.  «Адамдарды бірін-бірі тануы үшін ұлттар мен ұлыстарға бөлдім» деген Алланың аяты бар.  Демек, әрбір  ұлт өзінің елі мен жерін, жаратушы таңбалаған осы бір ұлттық  болмысы мен сипатын мәңгі сақтауы тиіс.  Әгәрәки, кез келген қауым  Жаратушы жазған бұл хикметке  мұрын шүйіре қарап, өзге бір халыққа еліктейтін болса, ол ұлт сол күннен бастап Құдайдың қырына ілінбек. Әйтпегенде біздің бәрімізді араб қылып жаратуға Алла-тағаланың әмірі жетпей қалған жоқ. Ұлт қылып ұйыстырған соң, ұлттығын сақтасын деп жаратты. Құлшылығының  Құдайға ғана  лайықты болуын тілейтін әрбір мұсылман «Мұсылман туғаннан өлгенге дейін ілім іздеуге  міндетті» деген пайғамбар өсиетіне амал етуі тиіс. Өйткені ғарыштық танымның есігі кемел иман, кең тынысты ғылыммен ұштасқанда ғана ашылып сала бермек.

 

Сұхбаттасқан   Бейсен Ахметұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417