Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024
1542 2 пікір 4 Мамыр, 2023 сағат 15:39

Владимир Зеленский Нидерландыда жүр

Украина президенті Владимир Зеленский 4 мамыр, бейсенбіге қараған түні Нидерландыға жұмыс сапарымен келді. Ол Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотта кездесу өткізбек, деп хабарлайды BBC орыс қызметі.

Бұл кездесудің егжей-тегжейі хабарланған жоқ.

Наурызда Гаага соты  Ресей президенті Владимир Путинді және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы украин балаларын заңсыз депортациялауға байланысты қамауға алу туралы санкция берген болатын.

 

Abai.kz

2 пікір