Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3938 2 пікір 19 Мамыр, 2023 сағат 18:19

Ресейде қырғыз төлқұжаты ашық сатылып жатыр

Жогорку Кеңеш депутаты Гуля Кожокулова Ресейдің avito.ru сайтында Қырғызстан төлқұжаты ашық жарнамаланып, сатылып жатқанын мәлімдеді. 

Халық депутаты бұл жөнінде 18 мамырда көтеріп, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне шара қолдануды талап етті.

"Бұл нонсенс. Қырғыз азаматтығы еркін сатылып жатыр. Біздің арнайы қызмет қайда қарап отыр? Цифрлы дамыту министрлігі қайда қарап отыр? Біздің төлқұжт кез-келген жерде сатылып жатыр", - деді Кожокулова.

Ресейдің avito.ru сайтында қырғыз азаматтығын сатып алу құны 120 000 рубльден басталып, 270 000 рубльге дейін деп көрсетілген. Онда қырғыз тілін білу шарт емес және ресейлік төлқұжаттан да бас тарту міндетті емес деп жазылған. Жарнамада Қырғызстан азаматтығын алу арқылы банктерден есеп-шот ашуға және АҚШ пен Еуропаға виза алуға болады делінген.

Ресей Украинаға соғыс ашып, Батыс елдері санкция жариялағаннан кейін қырғыз азаматтығын алуға ұмтылған ресейліктер саны артқан. 2022 жылы қырғыз президентінің жарлығымен Ресейдің ондаған жоғары лауазымды шенеуніктері мен кәсіпкерлері азаматтық алған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 979
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2506
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 683
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 654