Тоқаев Италия Премьер-министрімен және Сингапур Президентімен кездеседі

Ақорда Мемлекет Басшысының алдағы аптадағы жұмыс жоспарын жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі.
Сонымен қатар, ол дәл осы күні елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Бұдан бөлек, Президент 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.
Abai.kz