Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 2848 3 пікір 23 Мамыр, 2023 сағат 12:15

Пашинян: Қарабақ - Әзербайжан жері!

Екінші Қарабақ соғысының аяқталғанына да үшінші жылға аяқ басты. 44 күндік Отан соғысы Әзербайжанның әскери һәм дипломатиялық жеңісімен аяқталып, тараптар келісімге келген.

Десе де, содан бері екіарада бірнеше мәрте қарулы қақтығыстар орын алып, екі тараптан да қаза тапқандар болды. Бұл туралы сол уақыттарда Abai.kz ақпараттық порталында жаздық.

Жуырда Армения премьері Никол Пашинян: «Ереван Қарабақты Әзербайжан жері деп тануға дайын», - деп мәлімдеді. Ереванның жалғыз ғана шарты бар. Ол – Баку осы аймақта тұратын этникалық армяндардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Премьер-министрдің айтуынша, Армения Әзербайжанның, Қарабақты қоса есептегенде, 86600 шаршы шақырым аумағын мойындайды, бірақ ресми Баку ол үшін Армения аумағы 29800 шаршы шақырым екенін мойындауы тиіс.

Пашинянның мәлімдеуінше, армян халқының қауіпсіздігі Баку мен Ханкенді арасындағы келіссөздер аясында талқылануы керек. Армян премьері Әзербайжанның бұл жерлерде армяндарды қудалау саясатын жүргізбейтініне халықаралық кепілдік алғысы келеді.

Қарабақ халықаралық құқық бойынша Әзербайжан аумағына жатады. Бұл аймақта негізінен этникалық армяндар тұрады. 1990 жылдардың басынан бері Баку өңірдің көп бөлігіне бақылау орната алмай қалды. Армян қауымының өкілдері республика тәуелсіздігін жариялады, бірақ оны әлемнің ешбір мемлекеті, Армения да дербес ел деп таныған жоқ.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377