Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2785 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 05:07

«ҚазТрансГаз» бен BG Kazakhstan Алматының автокөлігін газға көшіру туралы келісімге қол қайды

Алматы. 28 тамыз. ҚазТАГ – «ҚазТрансГаз» АҚ мен BG Kazakhstan Алматының автокөлігін табиғи газға көшіру туралы келісімге қол қайды.

«Келісім-шарт Алматының ауа бассейнін жақсарту мақсатында авткөлік отыны ретінде табиғи газды пайдалануға мүмкіндік беретін автогазтолтырғыш компрессорлық станциялар желілерінің қондырғыларын орналастыруды қарастырады», - делінген «ҚазТрансГаз» жұма күні таратқан хабарда. 

Құжатқа сәйкес, BG Kazakhstan алғашқы кезеңде автогазтолтырғыш компрессорлық станциялар желілерінің екі комплект қондырғыларын әкеледі, ал «ҚазТрансГаз» АҚ қондырғыларды іске қосып оларды газбен қамтамасыз етеді.

Жоба Алматы әкімінің тікелей қолдауымен іске асырылып отыр. Қалада 2009 жылы 24-ші сәуірде қала мәслихатының шешімімен бекітілген, Алматының қоршаған ортасын ластауды төмендетудің 2009-2018 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылданған.

Аталған жоба автокөліктердің бір бөлігін, бірінші кезекте қала қоғамдық көліктері мен коммуналдық көліктерді экологиялық тұрғыдан таза компримирленген табиғи газға көшіруді қарастырады.

«Келешекте табиғи газбен жұмыс істейтін автомобильдердің санының артуымен Алматы мен Қазақстанның басқа да аймақтарында осындай газ құятын станциялардың желісі құрылады», - делінген баспасөз парақшасында.

«ҚазТрансГаз» АҚ – «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы, газды өндіріп, өңдеумен, аймақтарға тасымалдаумен, сатумен және кәдеге жаратумен, магистральді тасымалмен және сақтаумен, электр және жылу энергиясын өндірумен, таратумен және сатумен айналысады.

«ҚазТрансГаз» АҚ республикадағы жалпы ұзындығы 11 мың шақырым, өткізу қабілеті 190 млрд  текше метр газ болатын газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.

BG Kazakhstan, BG Group-тың қазақстандық бөлімшесі. Компанияның Қарашығанақ кенішіндегі үлесі 32,5%, ал бұл кенішті BG Group пен ENI компаниялары бірлесіп игеруде.

Сондай-ақ компания, қазақстандық мұнайды әлемге шығаратын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) акционерлер (2%) қатарына кіреді.

BG Group әлемнің 27 елінде жұмыс жасайтын белді халықаралық энергеткалық компания. Компания көмірсутектерін барлау мен сұйытылған табиғи газ өндіру, тасымалдау, электр қуатын өндіру саласындағы көптеген жобалардың іске асырылуына қатысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345