Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3693 1 пікір 31 Мамыр, 2023 сағат 13:30

Жапония премьері өз ұлын қызметінен алды

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида үлкен ұлы Сётароны резиденцияда кеш өткізгенін білгеннен кейін, саяси мәселелер жөніндегі хатшысы қызметінен алды. 

"Сюкан бунсюн" басылымы резиденцияда атап өткен жаңажылдық кештің суретін жариялаған. Суретте 32 жастағы Сётаро Кисида мен оның туыстары баспасөз мәслихаты өтетін жерде көңіл көтеріп тұрғаны көрінеді.

"Оның бұл әрекеті мемлекеттік қызметке сәйкес келмейді. Мен оны қателігін түсіну үшін қызметінен алуды шештім", - деді Кисида. Ұлының орнына өзінің бұрынғы көмекшісі Такаёси Ямамотоны тағайындады.

Сётаро Кисида былтыр қазан айынан бері премьер-министрдің жеке хатшысы қызметіне келген. Болашақ мұрагерін дайындау барысында отбасы мүшесін лауазымды қызметке тағайындау, бұл жапон саясатында бар.

Сётаро қаңтар айында да қызметін асыра пайдаланды деген сынға ұшыраған. Ол Лондон және Парижге барған сапары кезінде елшілік көлігін саяхатқа пайдаланған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 976
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2501
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 679
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651