Сенбі, 23 Қараша 2024
1478 0 пікір 13 Маусым, 2023 сағат 13:45

ІІМ: Өрт қасақана қойылуыда мүмкін

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Абай облысындағы өрттің неден шығуы мүмкін екенін айтты.

«Тергеу жүріп жатыр, өртті қолдан қойған деген нұсқа бар. Іс арнайы прокурорлардың қарауына берілді. ІІМ қызметкерлері де істі қарайтын топ ішінде, тергеудің қорытындысын күтейік. Мынадай нұсқалар бар: өртті біреу қолдан қойды; немқұрайлылықтың кесірінен болды немесе найзағай түсті. Сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізілетін болады. Тергеуге екі ай уақыт берілді», - деді Ахметжанов.

Министр бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің үстінен тексеріс жүргізілетінін де айтты.

«Президент Бас прокурорға тапсырма берді, соның шеңберінде тексеріс жүргізілетін болады. Өрт фактісі – бұл төтенше жағдай, қаза тапқандар бар, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру жүргізіледі»,-деді министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452