Жексенбі, 18 Қазан 2026
2497 2 пікір 14 Маусым, 2023 сағат 13:55

Бас прокуратура: Ильинге елден шығуға шектеу жоқ...

Сурет: Informburo.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтен тілшілер Төтенше жағдай экс-министрі Юрий Ильинге Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылғаны қаншалықты рас екенін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

«Ондай шектеу қойылмады. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ешкімнің іс-әрекеті сараланған жоқ. Тергеудің басталғанына шамалы ғана күн өтті. Сондықтан мұнда сіз айтқан лауазым иесі де және басқа да лауазым иелеріне әлі қылмыстық іс бойынша статус жоқ. Олардың іс әрекеті сараланбады», – деді Жандос Өмірәлиев.

Тілшілер бас прокуратура саралағанша, олар Қазақстаннан кетіп қалмай ма? деп сұрақты нақтылады.

«Тиісті тергеу тобы барлық шараларды қолданып жатыр», –  деді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1061
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1438