Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
2201 1 пікір 16 Маусым, 2023 сағат 14:29

5 айда Өзбекстанға 2,5 млн-нан астам турист барған

Қаңтар-мамыр айлары аралығында Өзбекстанға 2,6 миллион турист барған. Олардың дені Орталық Азия және Ресей елдерінен. Бұл жөнінде Өзбекстанның статистикалық агенттігі хабарлады. 

Мекеме мәліметінше, туристердің ішінде Тәжікстаннан барғандар
(797,8 мың адам) бірінші кезекте тұр.

Келесі орындарда Қазақстан (656,5 мың адам), Қырғызстан (649,5 мың адам), Ресей (279,8 мың адам), Түркия (39,5 мың адам) және Түркіменстан (21,2 мың адам) тұр.

Бұдан бөлек Оңтүстік Кореядан 12,4 мың турист, Үндістаннан 12,3 мың, Қытайдан 9,6 мың және Германиядан 9,5 мың адам Өзбекстанға барған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1123
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1557