Назарбаев ұлтқа қызмет еткен жоқ – Ринат Заитов
Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Заитов Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында осылай деген.
«Назарбаев ұлтқа қызмет еткен жоқ. Ол мемлекетте жұмыс істеді тек. Егер Назарбаев ұлтқа қызмет еткенде қазір біздің мемлекеттік тіліміз тек қана қазақ тілі болып, отыз жылдың ішінде бәріміз қазақша сөйлеп жүретін едік. Егер ол кісі ұлтқа қызмет етсе бізде опера, балет емес, қазақтың дәстүрлі жырларының театры, айтыстың театры, дәстүрлі әннің, күйдің бөлек театры болар еді. Халықаралық деңгейде қалыптасып, бүкіл әлемді дүркіретіп жүретін еді. Егер ол ұлтқа қызмет етсе нәтижесі көрінетін еді ғой. Сол себепті мен о кісі ұлтқа қызмет етті дей алмаймын. Басшының қызметін атқарды», - дейді ақын.
«Ал ұлтқа қызмет еткен адам қашанда ұлтарақтың күйін кешеді. Ұлтқа қызметкендердің ешқайсысы баянды ғұмыр кешкен жоқ. Бір адам бар ма, сондай?», - деп айтты Ринат Заитов.
Сұхбаттың толық нұсқасы төменде:
;t=713sAbai.kz