Сенбі, 23 Қараша 2024
Жанайқай 1902 0 пікір 20 Маусым, 2023 сағат 13:50

Семейдегі өрт

Қорғап еді түнектен байрақты ерім,
Өртке тағы намысын
қайнатты елім,
Тілсіз жау мен Қаңтардың құрбандарын
Тірілтем деп, қу сана,
ойлап па едің?!

Жан өртенсе мал түгіл төзер тегі -
Семейдегі зұлматтың өзі - ертегі.
Талай өртті ол жақтан көрген билік
Қам жасамай тағы да өзі өртеді.

Дәндеп талай тілсіз жау торласа да,
Қару таппай тұншықты сорға сана.
Қолды болған байлығым жетер еді
Қадам сайын бір ұшақ барласа да.

Құрал түгіл, қолғап та жоқ демеске
Қорғанысқа байлықты ел
төкті емес пе?
Жер серік те жасаттық ,
Жоқты шолар,
Ол да қашып, айналып
кетті елеске...

Тал да, мал да,
Жат түгіл, туысым да
Кетті өртеніп бақидың уысында.
Құтқаратын құрал да, парасат та
Құрбан болды құлқынның қуысында.

Күл-күйеден, іштегі наладан да,
Уақыт шығар жуатын қалағанға.
Ал, елдікке жағылса ар күйесі
Кетер ме оңай тарихтан,
санадан да?!

Жан сыйдырмас пәниге
жетті еркелік,
Хақ көзінен қарайды кектер төніп...
Көрге де ақша кетер деп
Кей қыршындар
Сүйегін де көрсетпей кетті өртеніп.

 

Аманғазы Кәріпжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415