Сенбі, 23 Қараша 2024
1550 0 пікір 20 Маусым, 2023 сағат 14:00

Тәжікстанда ІІМ қызметкері адам ұрлады деген күдікке ілінді

Исмоил Рахмонов (сол жақта) және Акмал Юсуфзода, коллаж

Тәжікстанның бас прокуратурасы елдің ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы басшысының көмекшісі Акмал Юсуфзоданы қамауға алды. Милиция полковнигі адам ұрлады деген күдікке ілінген. 

Озоди радиосының дереккөзі шенеунік Тәжік мемлекеттік сауда университетінің оқытушысы Исмоил Рахмоновты ұрлады деген күдікке ілінгенін жеткізді.

"12 маусымда түнде ол Исмоил Рахмоновты күшпен көлігіне салып, белгісіз жаққа алып кеткен. Университет оқытушысы тірі ме, жоқ па, белгісіз", - дейді дереккөз.

Тергеу органдары Исмоил Рахмоновты өлтірген болуы мүмкін деген болжамды да алға тартып отыр.

Исмоил Рахмоновтың туыстары оны бір аптадан бері іздеп жүр. Отбасын жақын адамдардың бірінің айтуынша, Акмал Юсуфзода мен Исмоил Рахмоновтың әйелдері Тәжік мемлекеттік сауда университетінде бірге жұмыс істейді. Куәлердің айтуынша, екеуінің арасында жанжал шыққан.

Осы университетте жұмыс істейтін Исмоил Рахмонов кандидаттық диссертациясын қорғауға дайындалып жүрген. "Дисертациясын алдын ала қорғағаннан кейін оны ешкім көрмеген", - дейді дереккөз.

Исмоил Рахмонов Хатлон облысы Жайхун ауданында туған. Төрт баласы бар.

Дереккөз: centralasian

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415