Рахмон мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінде тәжікстандықтарға құттықтау жолдай отырып, "Меккеге барушыларды отбасылық жарысқа айналдырып жібергендерді" сынға алды.
Эмомали Рахмонның айтуынша, отбасылық жағдайы қиын, қажылық сапарға баруға шамасы келмей жатса да, қажылыққа баратындар жиілеп кеткен.
Дегенмен, маусым айында президенттің баспасөз қызметі Тәжікстанда ең үлкен мешіт ашылған кезде, президенттің төрт рет қажылыққа барғанын, Қағбаға екі рет кіргенін мәлімдеген.
Жыл сайын Тәжікстаннан 4 мыңға жуық адам Сауд Арабиясына қажылыққа барады.