Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 2882 8 пікір 29 Маусым, 2023 сағат 15:55

Қазақстандағы Ресейліктер: Біз Путинге сенеміз...

«Соғыста Ресей жеңілмейді», осылай деп мәлімдеді Елордаға қонақ болып келген Ресейліктер. Аrasha.kz сайты Астанадағы Ресейліктерден Ресей-Украина соғысы туралы сұрап, пікір алыпты.

Басылымның жазуынша, соғысты қолдаушы да, даттаушы да бар. Бірақ олар бірауыздан «Ресейге жеңіс тілейді» екен. Бұның себебі, елге қайтып барғанда «қуғынға ұшыраймын» деп қорқудан болуы да мүмкін.

«Өзін Сергей деп таныстырған Ресейлік азамат екі елдің арасындағы соғысты арнайы операция деп атады. Осы көзқарасынан-ақ оның Украинаға қарсы соғысты қолдайтынын аңғардық», деп жазылған мақалада.

Ресей пропогандасына уланған Сергей соғысты бастаған Украина екеніне сенімді.

«Украина 2014 жылы Киевтік режим Донбасты атқылаудан кейін соғыс басталды. Сіз оқиғаның хроникасына назар аударыңыз. Өткен кезеңге көз жүгіртсеңіз жағдайдың қалай болғанын байқайсыз. Ақылды болу керек», - деді ол.

Ресейлік азамат Батыс пен АҚШ-тың санкцияларынан Кремльдің мұрты да қисаймайды, керісінше күшейе түседі дейді.

«Санкцияны күшейткен сайын Ресей одан да мықты бола түседі. Санкция күшейген сайын бізге жақсы болады. Мұны кез-келген Ресейлік айтып береді», - деді Сергей.

Оның ойынша, әр 4-8 жыл сайын президентін өздері сайлап алатын украин халқынан гөрі, билікте 20 жыл отырған Путині бар Ресейліктер демократия ұғымын жақсырақ түсінеді.

«Керісінше Ресейде демократия бар. Путин неге билікте 20 жыл бойы отыр. Себебі оған халық сенім артып отыр. Сондықтан да сайлауда соны таңдайды. Біз Путинге сенеміз. Оның елде не істеп жатқанын көріп отырмыз. Ол билікке келгеннен кейін елде жемқорлықпен күрес басталды, кедейшілік және жұмыссыздықпен күресті. Біз мұның бәрін көріп отырмыз. Сондықтан да біз оны сайлап отырмыз. Міне демократия», - дейді Елорда қонағы.

Ал, Алексей атты Ресейлік соғысқа өз елін кінәлады. Ол «Украина Ресейге шабуыл жасаған жоқ, бірақ Ресей бұл соғыста жеңілмейді», дейді.

Айта кетейік, 2022 жылы 25 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Ресейліктер елден кете бастады. Былтыр ІІМ 2022 жылғы қаңтар-ақпанында 10,3 мың Ресей азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алғанын, бұл көрсеткіштің 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға артық екенін мәлімдеген.

Одан кейін, былтыр 21 қыркүйекте Владимир Путин елде жартылай мобилизация жариялап, соғысқа жарамды ер азаматтарды соғысқа аттандыра бастаған кезде Ресейліктердің шетелдерге ағыны күшейді.

Қарашаның аяғында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мобилизациядан кейін Қазақстанға 400 мың Ресейліктің келіп, 320 мыңы шыққанын, 100 мың Ресейліктің жүргенін мәлім еткен еді.

Биыл наурыз айында ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов жыл басынан бері елімізге 1 млн 700 мың (39%) Ресейлік келіп,1 млн 666 мыңы шыққанын айтқан.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006