Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Билік 1460 0 пікір 29 Маусым, 2023 сағат 17:15

QS WUR: Жаһандық рейтингке қазақстандық 21 ЖОО енді

QS World University Ranking әлемдегі ең үздік университеттердің мерейтойлық 20-шы рейтингін жариялады. Жаһандық рейтингке Қазақстанның 9 қаласынан 21 жоғары оқу орны енді.

Іріктеуге әлемнің 2 963 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде 104 елден 1 499-ы үздіктер рейтингіне кірді, сондай-ақ Қазақстанның 21 жоо (2022 жылы – 16).

Рейтингтегі қазақстандық жоғары оқу орындарының саны өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда бес есе (+31,25 %) және 2021 жылғы институционалдық рейтингтегі еліміздің университеттер санымен салыстырғанда екі есеге артты.

Рейтингтің географиясы кеңейді, енді оған Қазақстанның 9 қаласынан келген жоо-лар қатысады, бұл да қазақстандық жоғары білім үшін маңызды жетістік болып табылады. Өткен жылы рейтингте еліміздің алты қаласы ұсынылды

Сонымен қатар, әлемнің үздік университеттерінің QS World University Rankings рейтингіне алғаш рет 5 қазақстандық жоо кірді: Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті (901-950 орын), Нархоз университеті (1201-1400 орын), Сүлейман Демирел атындағы Университет (1201-1400 орын), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (1201-1400 орын), М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (1201-1400 орын).

Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша британдық QS компаниясының өңірлік директоры Сергей Христолюбов атап өткендей, соңғы 20 жыл ішінде QS WUR әлемдегі үздік университеттер рейтингінің әдістемесі айтарлықтай өзгеріссіз болып келді: кез келген өзгерістер индикаторлардың құрамын өзгертуден гөрі қолданыстағы әдістерді немесе процестерді жақсарту болды.

«Біздің флагмандық рейтингіміздің 20-шы мерейтойлық шығарылымы алдыңғы жылдардан айтарлықтай ерекшеленетін жаңа әдістемеге негізделген, сондықтан біз қатаң түрде бұрын жарияланған рейтингтердің нәтижелерімен кез келген салыстыруды пайдаланбауды ұсынамыз», - деп атап өтті Сергей Христолюбов.

Қазіргі рейтингтің ерекшелігі – 9 индикатордан тұратын рейтинг әдіснамасындағы айтарлықтай өзгерістер.

2023 жылы жоғары оқу орындарының ғылымометриялық индикаторларына қойылатын талаптарды күшейтетін 3 жаңа индикатор қосылды: International Research Network (1 ғалымға арналған жарияланымның үлесі және Scopus бір қызметкерге бес жылдық кезеңде индекстеген нөлдік емес дәйексөздері бар (өзін-өзі дәйексөздеуді қоспағанда) шетелдік әріптестермен бірлесе шығарған жарияланымдар саны); Employments outcomes (бір қызметкерге шаққандағы түлектерді жұмысқа орналастыру және көрнекті түлектердің саны); Sustainability (SDG шеңберіндегі зерттеу).

Үш жаңа индикатордың енгізілуі «оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы» индикаторының салмағының (20%-дан 10%-ға дейін) төмендеуіне алып келді, ол бойынша Қазақстан мен өңірдің басқа елдерінің жоғары оқу орындары барынша жоғары нәтижелер көрсетті.

Сонымен қатар жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланымдары бар қазақстандық оқытушылар мен ғалымдардың үлесі әлі де төмен. Clarivate Analitics деректері бойынша Қазақстан әлемде 83 орында тұр. Сондай-ақ, қазақстандық авторлардың бір басылымына дәйексөздер саны сияқты ғылымометриялық көрсеткіш төмен болып қалуда. Бұл аспектілер әлемдік рейтингтердегі жоғары оқу орындарының рейтингіне айтарлықтай әсер етеді.

Қазақстандық жоғары оқу орындарын рейтингтерде ілгерілетудің негізгі міндеті жоғары дәйексөз келтірілген ғылыми журналдарда қатысуды арттыру және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтарға белсенді қатысу болып табылады.

Министрлік жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігін арттыру бойынша нақты қадамдар жасауда. Мәселен, 2023 жылы ҚР Президентінің жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" жаңа заң әзірленуде. Оқытушылар мен ғалымдардың жарияланымдық белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін қазақстандық ғылыми дәйексөз индексі енгізіледі. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда ғылымды қаржыландыру 3,5 есе өсті. ҒЗТКЖ-ға жеке инвестицияларды тарту кезінде салықтық преференциялар көзделген.

Сондай-ақ, елде зерттеу университеттерін құру процесі басталды. 2022 жылдың соңында Үкімет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Л. Гумилев атындағы ЕҰУ отандық жоғары оқу орындарын әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттеріне айналдыруға бағытталған дамыту бағдарламаларын бекітті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1518
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3294
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5879