Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
3275 1 пікір 5 Шілде, 2023 сағат 14:15

Зеленский: «Түпкі мақсатымыз – Қырымды азат ету»

«Киев Украинаның оңтүстігі мен шығысында басып алынған жерлерді жаудан босатуға күш салады, бірақ біздің түпкілікті мақсатымыз - 2014 жылы Ресей халықаралық құқықты бұза отырып аннексиялап алған Қырым түбегін азат ету болып қала береді».

Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күні Одессада CNN телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

«Біз Украинаны Қырымсыз елестете алмаймыз. Қырым Ресей басқыншылығынан азат етілмей соғыс тоқтамайды»,- дейді Зеленский.

«Қырымсыз бейбіт келісімге келу мүмкін бе?», деген сауалға Зеленский: «Онда ол жеңіс болмайды»,- деп жауап берген.

Владимир Зеленский сұхбатының сұхбатының толық мәтіні 3 шілдеде жарияланды.

Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр дүйсенбі күні өткен аптада тағы бірнеше шаршы шақырым жер азат етілгенін хабарлады. «Оңтүстіктікте жалпы алғанда 158,4 шаршы шақырым жер босатылды»,- дейді шенеунік.

Ресей жағы Киев мәлімдемесіне қатысты пікір білдірмеді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1561
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3177
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1167
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1085