Сенбі, 23 Қараша 2024
1835 0 пікір 6 Шілде, 2023 сағат 12:22

Қазақстан Париж Олимпиадасынан шеттетіле ме?

Қазақстандық ауыр атлеттер 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін, деп жазады Inside the games.

Мамыр айында федерация 6 спортшыдан допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама алды. Сондай-ақ маусымның басында тағы бір ауыр атлет Артем Антроповтың нәтижесі оң болып шықты. Осылайша, қазір 7 спортшы шеттетіліп отыр. Оның ішінде 2023 жылғы Азия чемпионы Нұрғиса Әділетұлы да бар. Ол әлемдік олимпиада рейтингінде алғашқы орында тұр.

Жалпы, барлық сынақтарда бұлшықет массасының өсуін қамтамасыз ететін бодибилдерлер арасында танымал зат табылған. Халықаралық федерацияның ережелеріне сәйкес, бір жыл ішінде 3 немесе одан да көп допингтік бұзушылықтар жасаған ұлттық федерациялар 4 жылға дейін шеттетілуі мүмкін.

Ал Парижге іріктеу ережелеріне сәйкес, 2021 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың шілдесі аралығында 3 немесе одан да көп допингтік бұзушылықтар жасаған елдер Олимпиада ойындарына қатысудан автоматты түрде шеттетіледі.

Қазақстан федерациясы В сынамаларын талдауды сұратып, өз зерттеуін жүргізетінін мәлімдеді.

Егер федерация допингке қатысты кейбір шешімдер мен тұжырымдарға қарсы шыққысы келсе, бұл бірнеше айға созылады, - деді спорт шолушысы Брайан Оливер.

Дереккөз: Halyq-uni

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351