Министрлік: «Гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді»
2023 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев биыл гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді. бөлінгенін айтты.
«Биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді.
Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді. Олардың саны 18 744 грант деген сөз. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант тиесілі. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінген.
«Гранттар былай бөлінген: Атырау облысы – 1500, Маңғыстау облысы – 1500, Ұлытау облысы – 300, Жетісу облысы – 300, Абай облысы – 500, Шымкент – 400, Түркістан облысы – 500. Бұл гранттар педагогикалық, инженерлік, IT мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдарына бөлінген.
Биыл педагогикалық квота 47%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, алғаш рет ауыл шаруашылық және инженерлік бағыттарды қолдау мақсатында пилоттық режимде арнайы квота бөлінді. Бұл гранттар өңірлік ЖОО-ларда орналастырылады», - деді Қуаныш Ерғалиев.
Abai.kz