Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
2466 0 пікір 10 Шілде, 2023 сағат 14:33

«Азов» биргадасы Украинадағы соғысқа қайта араласады

Украинаның Ресей басып алған Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытын қорғап, кейін тұтқынға түсуге мәжбүр болған, кеше Украина президентімен бірге Киевке ұшып келген бес командир ұрыс қимылдарына тағы араласатынын мәлімдеген. 

Бұл туралы Львов қаласында журналистермен кездескен «Азов» бригадасының командирі Денис Прокопенко айтқан.

«Азов» биргадасы командирінің орынбасары Святслав Паламар да «Біз оралдық, әрі қарай да жұмысымызды жалғастырамыз»,-деді.

Мариупольдегі «Азовстальді» қорғаушылардың Киевке оралғаны 8 шілдеде мәлім болған. Бес командир Владимир Зеленскиймен бірге Стамбулдан ұшып келген. Олар Украинаның қамаудағы ресейшіл депутаты Виктор Медведчукпен айырбасталып, Түркия президенті Реджеп Ердоғанның жеке кепілдігімен Стамбулда тұрған.

Айырбас кезінде «Азов» жауынгерлері соғыс аяқталғанша Украинаға қайтарылмайтыны туралы келісім жасалған.

Мәскеу Киев пен Түркия келісімді бұзды деп айыптады. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, «Азов» жауынгерлерінің Украинаға қайтарылатыны туралы ешкім хабар бермеген.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1561
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3176
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1167
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1085