Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
2326 0 пікір 10 Шілде, 2023 сағат 15:04

Азия ойындарына Ресей мен Беларусьтің қанша спортшысы қатысады?

500-ге тарта Ресей және Беларусь спортшысы қыркүйектің 23-і мен қазанның 8-і аралығында қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатысады. Бұл жөнінде Inside The Games хабарлады. 

Спортшылар елдерінің ешқандай ұлттық белгілерін қолданбай, бейтарап ту астында қатысады. Олар сонымен бірге жеңген күннің өзінде жарыс медалін ала алмайды. Бұл тек 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік береді.

Биыл наурыз айында халықаралық олимпиада комитеті Ресей және Беларусь спортшыларына қатысты ұсынысын шығарған:

Ресей және Беларусь спортшылары тек ұлттық рәміздерді қолданбай жеке жарыстарға қатыса алады;

Спортшылар Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қолдамауы тиіс;

Бұл спортшылар әскери немесе қауіпсіздік қызметкерлері болмауы тиіс.

 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1562
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3178
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1167
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1086