Дүниежүзілік банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, грант Өзбекстан үкіметіне буланған газдың атмосфераға көп таралуын қысқартуға, қуат ресурстарын тиімді пайдалануға, сонымен бірге халықаралық көміртек нарығына шығуға көмектеседі.
Өзбекстан өнеркәсіпте отынды көп жағуына байланысты буланған газды атмосфераға көп тарататын елдер қатарына жатады.
Болжамдарға қарағанда, Өзбекстан осы жобаны жүзеге асыру арқылы 60 млн тонна көмірқышқыл газының ауаға таралуына жол бермейді. Есесіне мемлекет шамамен 2−2,5 млн тонна көмірқышқыл газын халықаралық нарықта сата алады.