Дүйсенбі, 27 Қазан 2025
2005 6 пікір 12 Шілде, 2023 сағат 15:24

Столтенберг: «НАТО-ға кіру үшін Украина жеңу керек»

Украинаның болашағы НАТО-да, бірақ барлық мүше елдер келісім беріп, барлық шарттар атқарылғанда ғана Киевті өз қатарымызға шақырамыз.

Мұндай пікірін Солтүстік Атлантика альянсының бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның саммиті өтіп жатқан Вильнюс қаласындағы баспасөз мәслихатында айтты.

Столтенберг Украина мүшелікке жақындағанын атап өтіп, мұны ұйымдағы өлкелер Ресей басып кіргеннен бері Киевке қолдау көрсетіп жатқанымен түсіндірді. Ол ең бастысы бұл соғыста Украинаның жеңіп шығуын қамтамасыз ету керек екенін, онсыз мүшелік мәселесі талқыланбайтынын айтты.

Сейсенбіде Литваға бара жатқанда Украина президенті Владимир Зеленский егер ұйым мүшелері Киевтің НАТО-ға қабылдануы жайында нақты кесте құрмаса, онда бұл "абсурд" болады деген. Саммит аясында ол АҚШ президентімен кездеседі.

 

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1157
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10599