Бейсенбі, 15 Қазан 2026
Жаңалықтар 164 0 пікір 15 Қазан, 2026 сағат 15:16

Мәслихат сайлауы қалай өтеді?

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындады.

Кандидаттарды ұсыну бүгіннен басталады, ал оларды тіркеу 1 қарашада аяқталады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны 28 қарашаға дейін жалғасады, бұл күн «тыныштық күні» деп жарияланды.

Барлығы 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайланады:

  • Облыстық – 20 мәслихат, 668 депутат;

  • Калалық – 38 мәслихат, 626 депутат;

  • Аудандық – 170 мәслихат, 2 153 депутат.

Депутаттар жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады.

Саяси партиялардың қатысуы

ОСК сайлауға 7 саяси партияны жіберді: «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), «Байтақ», Қазақстан Халық партиясы және Respublica.

Ал маусым айында жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылатынын хабарлаған, бірақ әлі ресми түрде таратылмаған «Amanat» партиясы ОСК-ға сайлауға қатысудан бас тартатыны туралы хабарлама хат жолдады.

Кандидаттарды ұсыну тәртібі

ОСК мүшесі Әсіл Жанабілованың түсіндіруінше, сайлау аралас жүйе бойынша – партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша өтеді. Тізімді саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Бұдан бөлек, азаматтардың өзін-өзі ұсынуға да құқығы бар.

Партиялық тізімге тек тиісті партияның мүшелері ғана енгізіле алады. Тізімдегі әйелдер мен жастардың жиынтық үлесі кемінде 30%-ды құрауы тиіс. Бұл ретте партиялық тізімге енгізілген кандидат бір мезгілде бір мандатты округ бойынша бағын сынай алмайды.

Мәслихат депутаты болып Сайлау құқығына ие, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Бір адам тек бір мәслихаттың депутаты бола алады.

Кімдер сайлана алмайды:

  • Сот әрекетке қабілетсіз деп тапқан азаматтар;

  • Соттылығы жойылмаған или алынбаған адамдар;

  • Сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе құқық бұзушылық жасағаны үшін сот кінәлі деп тапқан тұлғалар.

Сайлау жарналары

Саяси партиялар партиялық тізімдегі әрбір кандидат үшін сайлау жарнасын төлеуі тиіс. Оның базалық мөлшері – 5 ең төменгі жалақы (ЕТЖ), қазіргі уақытта бұл 425 мың теңгені құрайды. Бұл сома бір мандатты округтер бойынша түсетін кандидаттар үшін де белгіленген.

Партиялар үшін өткен сайлау нәтижелеріне байланысты жеңілдіктер қарастырылған:

  • 5% және одан көп дауыс жинағандар – жарнадан толық босатылады;

  • 3%-дан 5%-ға дейін – жарнаның 50%-ы (212 500 теңге);

  • 1%-дан 3%-ға дейін – жарнаның 70%-ы (297 500 теңге);

  • 1%-дан аз – толық жарна (425 000 теңге).

Жарна кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін, ол тіркелгенге дейін аударылады.

Сайлау жарнасын қайтару шарттары

Партия төлеген сайлау жарнасы, егер ол дауыс беру қорытындысы бойынша сайлаушылардың кемінде 5% дауысын алса, кері қайтарылады.

Бір мандатты округтерден қатысатын кандидаттарға да бұл қаражат сайланған жағдайда, кемінде 5% дауыс алғанда немесе кандидат қайтыс болған жағдайда қайтарылады.

Қалған барлық жағдайда сайлау жарналары республикалық бюджетке түседі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1009
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1364