Сенбі, 23 Қараша 2024
1650 2 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 12:44

БҰҰ Қырғызстанға қатысты резолюция қабылдады

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) Еуропарламент 13 шілдеде қабылдаған резолюцияға өкінішін білдірді. Бұл туралы СІМ таратқан мәліметте айтылады. 

Еуропарламент депутаттары көпшілік дауыспен Қырғызстандағы адам құқықтарының ахуалына, сөз еркіндігіне және ақпарат құралдарына қатысты қысымды айыптаған резолюцияны қабылдады.

Онда "Қырғызстанда 2022 жылдың қаңтарынан бастап адам құқықтары және сөз еркіндігі ахуалы нашарлап кеткені" айтылған.

СІМ таратқан мәлімдемеде "Еуропа парламентінің аяқ астынан және асығыс түрде қабылдаған, шындыққа жанаспайтын резолюциясына қатысты өкінішін білдіреді", - деп жазылған.

Сонымен бірге резолюцияны дайындауда қырғыз тараптан қосымша мәлімет сұрамағаны да айтылған.

Европарламент резолюцияда Қырғызстанда талқыланып жатқан төрт заң жобасы - "Бұқаралық ақпарат құралдары", "Үкіметтік емес ұйымдар", "Шетелдік өкіл" және "Балаларды зиянды мәліметтен қорғау жөніндегі" заң жобаларын кері қайтаруды үндеп, егер бұл заң жобалары қабылданса, адам құқықтары ахуалы күрт нашарлайды деп ескерткен.

Бұдан бөлек Азаттық радиосының қызметін тоқтату әрекеті де пікір білдіру еркіндігінің бұзылуы ретінде айыптаған.

Халықаралық Freedom House ұйымы "Дүниежүзіндегі еркіндік - 2023" атты жаңа баяндамасында Қырғызстанда үшінші жыл қатарынан "еркін емес" елдер қатарына қосқан.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының баспасөз еркіндігі индексінде Қырғызстан 180 мемлекет арасынан 122-орынға түскен.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450