Ұлт мінезі өзгеріп бара ма?
Мықты ұлт боламыз десек, дінді ұлттан алшақтау керек!
8,9 ғасырдағы пайда боған ислам өте қатал дін болды. Бұл Халифаттың ұлғаю кезеңінде орын алған үздіксіз соғыстың нәтижесі. Құрандағы толып жатқан қарғап-сілеу, жауды кәпір деп бөліп, оларға еш рақымшылық жасамауға шақыру - соғыс тактикасы.
Сарбаздарды қаталдыққа тәрбиелеу насихаты.
Мұны Халифаттың ресми идеологиясы болған Ислам діні атқарды.
Бізге сол 8,9 ғасыр исламы (фундаменталды ислам) келді. Олар Құран өзгермейді деп, сол ғасырдың соғыс идеологиясын әкелді. Ал ол өте қатал, мейірімсіз. Сондықтан қазақтың мейірімді, табиғатпен үйлесімді, сойған малынан кешірім сұрайтын аяушылығы секілді мінезіне өзгеріс тудырды.
Ендігінің неосарбаздары дін деп, өз отанын, өз құндылық-қасиетін, мәдениеті мен дәстүрін таптауға, жоққа шығаруға бара алатын болды...
Сіздей қазақы танымдағы адам бармайды, бара алмайды оған. Ал таза ислам деп жүргендер бара алады...
Сондықтан, жалпы дін атаулыны шектеулі шеңберде ұстау керек...
Қоғам болашағының жолы басқа.
Ол жол - ұлттық санамен біріккен адамгершіліктің болуы!
Дінді Ұлттық тәрбиеден бөлу керек.
Ол үшін мықты Ұлт болуға тиістіміз.
Назарбай осыдан қауіптенген...
Әбдірашит Бәкірұлы
Abai.kz