Сенбі, 23 Қараша 2024
1535 2 пікір 19 Шілде, 2023 сағат 11:28

Министрлік: «Түркиядан 2 трлн теңгеге бронды техника алмаймыз»

Қорғаныс министрлігі мен түріктің «Otokar» компаниясы арасында 2 трлн теңгеге жуық сомаға бронды техника сатып алуға келісім жасалған жоқ. Ведомство аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда түрік тарапымен бронды техниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жоқ. «Otokar» компаниясы - бронды техника өндірушілердің бірі ғана, оның үлгілері қызметке қабылдау ережелерінде бекітілген рәсімге сәйкес жалпы негізде қаралады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі бұған дейін хабарлаған болатын. Бұл ретте техниканың басқа да шетелдік үлгілері қарастырылады» дейді министрлік.

Қазіргі уақытта аталған компанияның 8х8 бронды техникасының үлгісі отандық бронды техниканың үлгісімен қатар тәжірибелік сынақтан өтіп жатыр.

Оның нәтижесі бойынша техникалық талаптарға сай техниканың үлгісі айқындалады.

Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігі өз құзыреті шеңберінде мемлекеттің қорғаныс қабілетіне жауап береді және қару-жарақ пен әскери техниканың әртүрлі үлгілеріне қажеттілік бар.

Бұл ретте қорғаныс ведомствосы үшін үлгілерді таңдау кезінде отандық және халықаралық сарапшылар мойындаған өнімнің сапасына басымдық беріледі.

«Сондықтан әлеуметтік желілерде таралатын әртүрлі жалған ақпараттарға сүйенбей, тек тексерілген, ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз» дейді ведомстводан.

Айта кетейік, кеше Түркия мен отандық БАҚ беттерінде Қазақстан әскері түркиялық «Otakar» компаниясынан 4,4 млрд долларға (2 трлн теңге) 800-ден астам ARMA броньды көліктерін сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы мәлімет тараған еді.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435