Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2286 1 пікір 19 Шілде, 2023 сағат 14:31

Түрік билігі заңсыз мигранттарды елден қуып жатыр

Кейінгі бірнеше аптада түрік полициясы мекемелер мен кәсіпорындарды тексеріп, мыңдаған заңсыз мигрантты ұстады.

"Ahaber" телеарнасының хабарлауынша, кейінгі айда түрік полициясы елдегі заңсыз мигранттарды анықтау мен ұстау мақсатындағы рейдтерді көбейткен. Әсіресе Стамбұл қаласы мен туристік аймақтар тексеріліп жатыр.

"Кейінгі екі күнде ғана 18 мигрант ұсталды. Бір айда 15 мыңнан астам заңсыз мигрант ұсталды. 6 мыңға жуық адам депортацияланды. Тағы 9 мыңға жуық заңсыз мигрантты депортациялау ісі жүріп жатыр" деп хабарлады телеарна.

Осының алдында ғана Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған түрік азаматтары "заңсыз мигранттар мәселесі қалай шешіліп жатқанын сезеді" деп мәлімдеген.

Стамбұлда тұратын түркімен азаматтарының айтуынша, кейінгі апталарда рейдттер кезінде кем дегенде алты отандасы ұсталып, Тузла ауданындағы депортациялау орталығына түскен.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1358
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2939
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1011
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 950