Саудияға сапар. Қандай келісімдер жасалды?
Президент Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барды.
Саудия сапары барысында бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылды. Біз Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға шолу жасадық.
Медина сапары
Президент Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды. Президент Тоқаев Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады.
Онан соң Президент Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жбарды. Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.
Жидда сапары. Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен жолуғы
Жиддада президент Тоқаев Кувейттің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесіп, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-кувейт ынтымақтастығының даму перспективаларын талқылады. Кездесу «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммиті аясында өткен.
Эмомали Рахмонмен жолығу
Саммит аясында Қазақстан мен Тәжікстан басшылары да жеке жолығу өткізді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.
Тоқаевтың саммиттегі сөзі
Президент Тоқаевтың «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» бірінші саммитіндегі сөзі:
«Мен, ең алдымен, Қос киенің сақшысы – Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа және Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салманға шынайы алғысымды айтамын. Бүгін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» жоғары деңгейдегі бірінші саммитіне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Осы тарихи кездесу бәріміз үшін қасиетті жерде бірлік пен өзара қолдау жағдайында өтіп жатыр. Соның арқасында елдеріміздің бауырластығы және достығы нығая түсетіні сөзсіз».
***
«Сегодняшняя встреча носит особый характер, является велением времени и свидетельствует о взаимном стремлении вывести наше многоплановое сотрудничество на качественно новый уровень. В двустороннем формате наши страны установили весьма прочные и гармоничные межгосударственные отношения. Мы поддерживаем доверительный и активный политический диалог, развиваем взаимовыгодное торгово-экономическое сотрудничество, неизменно укрепляем культурно-гуманитарные связи. На международной арене наши государства придерживаются единых или схожих взглядов по вопросам глобального устойчивого развития, разделяют общие цели по обеспечению всеобщей безопасности и стабильности. Безусловно, крепкой основой наших отношений служат исторические связи, единые духовные ценности, узы дружбы и братства».
***
«Казахстан придает исключительное значение сегодняшней встрече. Страны Залива, обладая огромным политическим влиянием, экономическим и инвестиционным потенциалом, выступают нашими важнейшими партнерами по многим ключевым направлениям. Активизация внутрирегионального сотрудничества государств Центральной Азии и укрепление глобальной значимости региона открывает совершенно новые возможности для расширения нашего многопланового взаимодействия. Безусловно, свой весомый вклад в это дело вносят диалоговые форматы «ЦА+». Синергия потенциалов стран Центральной Азии и колоссальные возможности стран Залива способны задать более высокий уровень нашему многогранному партнерству. В этих целях хотел бы представить вам свое видение приоритетных направлений нашего дальнейшего сотрудничества».
***
«Осыған орай ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін бірнеше басым бағыт бойынша өз пікірімді ортаға салғым келеді. Ең алдымен, бұл – сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту. Соңғы жылдары біздің аймақтың ынтымақтастық кеңесі елдерімен сауда-саттығы қарқынды дами бастады. Мұны ерекше атап өткен жөн. Бірақ көрсеткіштер біздің әлеуетіміздің толық пайдаланылмай отырғанын көрсетеді. Тауар айналымын айтарлықтай арттыру үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Ол үшін өзара сауда номенклатурасын ұлғайту қажет. Мысалы, Қазақстан қысқа мерзімде құны шамамен 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын».
***
«Второе направление – активизация инвестиционного сотрудничества. Согласно докладу UNCTAD, только за прошлый год приток чистых инвестиций в Центральную Азию увеличился на 40% и составил 10 млрд долларов, из которых 60% приходится на Казахстан. За годы независимости страны Залива вложили в экономику Казахстана порядка 3,6 млрд долларов. Поэтому мы заинтересованы в наращивании инвестиционных связей. Для этого мы проводим масштабные экономические реформы, направленные на диверсификацию экономики, в том числе создание наиболее благоприятных условий для иностранных капиталовложений».
***
«Недавно созданный Казахстаном и Саудовской Аравией Деловой совет призван стать важной площадкой для реализации торгового и инвестиционного потенциала двух стран. Мы готовы к запуску аналогичных механизмов сотрудничества со всеми государствами – членами Совета сотрудничества. Приглашаем наших партнеров к активному использованию передовых инструментов Международного финансового центра «Астана».
***
«Келесі – көлік-транзит саласын дамыту. Қазіргі таңда мемлекеттеріміз көлік бағыттарын әртараптандыру үшін белсенді шаралар қабылдап жатыр. Түрлі инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар қолға алынуда. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға баса мән береді. Біз бұл бағыт арқылы жүк тасымалын дәйекті түрде ұлғайтуға мүдделіміз. 2030 жылға қарай жыл сайын 500 мың контейнерге дейін жүк жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, еліміз «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша шаралар қабылдауда».
***
«Развитие транзитно-транспортной сферы. В настоящее время страны нашего региона принимают активные меры для диверсификации маршрутов и развития различных инфраструктурных и логистических проектов. Со своей стороны Казахстан придает приоритетное внимание наращиванию потенциала Транскаспийского международного транспортного маршрута. Мы намерены планомерно увеличивать грузопоток через данный маршрут и довести его до 500 тысяч контейнеров в год к 2030 году. Кроме того, Казахстан принимает меры по развитию Международного транспортного коридора «Север-Юг».
***
«Еще одним важным направлением является углубление энергетического сотрудничества. На территории государств Центральной Азии имеется более 30 млрд тонн разведанных запасов нефти и более 20 трлн кубометров газа. Это делает регион вторым в мире по объему нефтегазовых ресурсов после Аравийского полуострова. Казахстан как участник Соглашения ОПЕК+ высоко оценивает сотрудничество со странами Организации и готов к углублению всестороннего взаимодействия. Наша страна ведет активную работу по диверсификации маршрутов транспортировки энергоресурсов. При этом Казахстан уделяет особое внимание модернизации и развитию новых генерирующих мощностей, привлечению передового опыта и технологий в сферу геологоразведки и добычи, а также развитию современной нефтехимической промышленности».
***
«Казахстан готов к тесному сотрудничеству с крупными энергетическими компаниями ваших стран, в частности, в области «зеленой» энергетики. Перспективными выглядят проекты с саудовской компанией ACWA Power, эмиратской Masdar, катарскими компаниями. Недавно на заседании Совета глав государств – членов ШОС я предложил провести в Казахстане Международный энергетический форум. Приглашаем экспортеров нефти и газа стран – членов Совета сотрудничества принять участие в этом мероприятии».
***
«Азық-түлік қауіпсіздігі басым бағыт болып қала береді. Қазақстан Араб елдеріне ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттау көлемін ұлғайтуға мүдделі. Сондай-ақ, оның құрылымын әртараптандыруға ниетті. Еліміз – әлемде бидай мен ұн өндіретін ең ірі он мемлекеттің бірі. Араб әріптестеріміздің «органик» және «халал» өнімдерін өндіру, өңдеу және сертификаттау тәжірибесі мен мүмкіндігі мол. Сондықтан оларға сұраныс жоғары. Осы орайда стандарттарды, техникалық реттеу және сертификаттау жүйесін үйлестіру маңызды. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет деп санаймыз. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының әлеуетін пайдаланып, бұл міндеттерді тиімді іске асыра аламыз».
***
«Продовольственная безопасность остается важнейшим приоритетом. Казахстан заинтересован в увеличении объемов и диверсификации структуры экспортных поставок товаров агропромышленного комплекса в арабские страны. Наша страна входит в десятку крупнейших в мире производителей пшеницы и муки. Опыт и возможности арабских партнеров в производстве, переработке и сертификации продукции «органик» и «халал» весьма востребованы. В данном контексте считаем необходимым продолжить работу по синхронизации стандартов, системы технического регулирования и сертификации. Все эти задачи мы можем эффективно реализовать, используя потенциал Исламской организации продовольственной безопасности».
***
«Ұйымның қазіргі Төрағасы ретінде белсенді жұмыс жүргізіп жатқаны үшін Қатар басшылығына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ оның қызметін жандандыруға Сауд Арабиясының зор үлес қосқанын айрықша атап өткім келеді. Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту өте маңызды. Осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту үшін Ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесу тетігін құруды ұсынамын».
***
«Искренне благодарны руководству Катара за активные усилия в качестве председательствующей страны в ИОПБ. Отдельно хочу отметить значительный вклад Саудовской Аравии по поддержанию деятельности этой Организации. В целях укрепления глобальной продовольственной безопасности предлагаю создать Механизм встреч министров сельского хозяйства для расширения сотрудничества в этой сфере».
***
«И, последнее, развитие межрегионального туризма. Центральная Азия обладает уникальными туристическими ресурсами, которое необходимо использовать. Индустрия туризма считается одной из быстрорастущих сфер экономики региона. В этой связи мы готовы развивать взаимное продвижение туристского продукта в культурно-познавательной, экологической, спортивной, оздоровительной и деловой сферах. На сегодняшний день Казахстан ввел безвизовый режим для всех стран Совета сотрудничества арабских государств, а также наладил прямое воздушное сообщение с вашими столицами. Хочу подчеркнуть, что высказанные мною инициативы подтверждают стремление Казахстана к укреплению нашего сотрудничества в интересах обеспечения взаимного устойчивого роста и процветания».
Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен жолығу
Саммит соңында президент Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі негізгі стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, энергетика, «жасыл» энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Өз кезегінде Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд Қазақстан Сауд Арабиясының Орталық Азия аймағындағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытып, нығайту үшін мол әлеует бар. Сондай-ақ ол екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін күш салуға ниетті екенін жеткізді.
Суреттер: Ақорданікі
Abai.kz