Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әріптестің әңгімесі 2554 7 пікір 27 Шілде, 2023 сағат 13:39

Түріктің «Anka» дроны Қазақ армиясын күшейте ме?

Қазақстан әскері түркиялық соққы жасаушы «Anka» дрондарын сынақтан өткізуді бастады. Сынақ 2024 жылдың көктеміне дейін жалғасады.

Сынақ сәтті өткен жағдайда «Anka» дрондары Қазақ армиясының әскери техникаларының қатарын толықтыратын болады.

«Тесттік ұшулар – қабылдау кезеңдерінің бірі. Кешенді тәжірибелік әскери пайдалану 2023 жылдың тамыз айында жоспарланып, 2024 жылдың наурыз айының ортасына дейін жалғасады, – деді ҰҰА жауынгерлік дайындық және жауынгерлік қолдану оқу орталығының басшысы Шоқан Мұсабеков.

«Anka» дрондары Таяу Шығыс пен Қарабақ соғысында өзінің қандай күшке қауқары барын көрсеткен.

Оның артықшылық сипаттары: Алыс қашықтыққа ұша алатыны. Соққының дәлдігі мен ұзақ уақыт әуеде бола алатындығы. 300 кг салмақты көтеріп ұшады. Оның тағы бір артықшылығы – мұз қатудан қорғайтын жүйе орнатылған. Бұл төменгі температураларды әуеге көтерулуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, былтырдан бері Қазақстан мен Түркия бірқатар әскери келісімдер жасады. Оның ішінде ақпараттық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық, әскери барлау саласы бойынша ынтымақтастық,  әскери архивтер, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар салалары бойынша ынтымақтастық т.б. бар.

Онан кейін Қазақстан мен Түркия соққы жасаушы дрондарды сатып алу және шығаруға қатысты келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде Қазақстан аумағында соққы жасаушы «Anka»  дрондарын жасау іске асатын болған. Аталмыш дрон атышулы «Байрақтардан» қуатты әрі жаңа саналады.

Түркиялық дрондар соңғы жылдары ұрыс алаңында өзінің тиімділігін көрсетуде. Сирия, Ливия, Қарабақ және Украина соғысы бұл ғасыр дрондар дәуірі екенін көрсетті. Қазақстан да әлемдік әскери трендтен қалмаудың амалын қарастыруда.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050