Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2659 2 пікір 4 Тамыз, 2023 сағат 13:28

Ресейдің қара тізімі: Кремльдің «жаулары» көбеюде...

Батыс пен Ресей арасында «тізім соғысы» басталғалы қашан. АҚШ құқайы өткен Путиндік билік дәл қазір «жау елдердің» екі бірдей тізімін жасап отыр.

Енді Мәскеу тым қатты кетіп, өзінің осындай бірінші қара тізімінің енгендердің қарасын көбейтіп, оған Грекия, Дания, Словения, Хорватия және Словакияны қосты. Бұған дейін бұл тізімде тек АҚШ пен Чехия ғана бартын.

Ал, бұдан өзге екінші бір Кремльдік «қара тізімге жиыны 48 мемлекет енгізілген. Сондағы уәждері шетелдердегі орыс елшіліктері мен консулдықтарына қарсы «жаулық әрекеттер» жасайтындарды түстеп тану орыс премьері Михаил Мишустиннің құзырына берілген.

Бұл бәлең Украинадағы соғысқа дейін, яғни, 2021 жылдың 23 сәуірінде тап осындай «қара тізімді» жасап, Ресей пайдасына барлау жасаған топтардан шыққан дипломатиялық шуларды Ресей президентінің жарылығымен бекітіп алған-тын. Жарлық бекіген соң, оған Ресейге жау елдер кіріуге тиіс қой? Көп кешікпей бұл тізімге алғашқылардың бірі болып, 2021 жылдың 14 мамырында АҚШ пен Чехия енді. Одан кейін бірінші тізім осылайша тұрақтанды.

Путиндік жарлық бойынша олар өз елшіліктері мен консулдықтарына Ресей жеріндегі тұрғылықты жұртты қызметке ала алмайды. Не болмаса оған шектеу қойылады. Бұрын Грекия – 34, Дания – 20, Словакия – 16 адамға дейін лимит берілсе, Словения мен Хорватия ешкімді жұмысқа ала алмайды делінген аталған құжатта.

Екінші тізім өткен жылдың 5 наурызында, яғни, Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін жасалды. Оны Ресей билігі бекітіп, оған ЕО-ға мүше барша мемлекеттер, Австралия, Албания, Андорра, Британия, Исландия, Канада, Лихтенштейн, Микронезия, Монако, Жаңа Зеландия, Норвегия, Корея Республикасы, Сан-Марино, Солтүстік Македония, Сингапур, АҚШ, Тайпей (Қытай), Украина, Черногория, Швейцария және Жапония сынды 48 елді енгізді.

Путин «жау елдерге» газды тек рубльге ғана сатамыз деп шешті. Әрі осы «жау елдерге» ресейлік борышкерлер өз қарызын рубльбен өтейтіні ашық айтылды.

Ресей  өзге елге баса көктеп енгені үшін санкция салғаны қатты шамдандырды. Өз экономикасын титықтатын «қара тізім» неге керек деген сауал жұртты бей-жай қалдырмайтыны анық.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347