Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2963 0 пікір 19 Маусым, 2013 сағат 05:22

Қарулы күштер. Бұнда да баспана басты мәселе

Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша көшпелі отырысы болып өтті. Делегацияға кеңестің төрайымы Айткүл Самақова басшылық жасаған.

Әлеуметтік кеңес мүшелері әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шеңберінде елордадағы Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесінің бойында салынып жатқан жатақханада болды. Құрылыс жұмысымен танысу кезінде ҚР Қарулы Күштері Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығы полковник Ильдар Гиниатулин қонақтарды аталған нысанның құрылысымен ғана емес, жалпы әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде хабардар етті. Қазіргі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің тұрғын үй қоры тұрғын үйлердегі пәтерлер мен жатақханалардағы бөлмелерді қосқанда, 20 мыңға жуықтайды. Әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету құрылыс, тұрғын үй сатып алу және тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу арқылы жүргізіледі. Жыл сайын барлығы 800-ден 2000-ға дейін әскери қызметші баспанамен қамтамасыз етіледі екен.

Әскерилерді пәтермен қамтамасыз ету жолдары «ҚР Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы қабылданған соң түбегейлі өзгергенін И. Гиниатулин мәлім етті. Аталған Заң тұрғын үймен қамтамасыз ету және баспананы жекешелендіру тәртібін өзгертті. Енді 2013 жылдың 1 қаңтарынан әскери өтілі 10 жылдан кем әскери қызметшілер үшін тұрғын үймен қамтамасыз етілген сәтке дейін пәтерді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді. Қазіргі таңда пәтерді жалға алғаны үшін берілетін өтемақыны алу тәртібі жеңілдетілген. Ол үшін бар-жоғы үш құжат. Ал биыл 7 мыңнан астам әскери қызметшіні тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Алдағы 2014 жылы бұл көрсеткіш өсіп, 10 мыңға жуық әскери қызметші қоныстойын тойлайды деген болжам бар. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірледі. Бұл құжат бойынша әскери қызметшілердің барлық санатын сатып алу, салу және жалға алғаны үшін өтемақы төлеу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру 2013-2017 жылдар аралығында Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін толықтай баспанамен қамтамасыз ете аларлық 8-9 мың пәтерді пайдалануға беруге мүмкіндік туғызады. Бұдан кейін «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің көшпелі отырысы Қорғаныс министрлігінде жалғасты. Мәжіліс депутаттары әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне барынша көңіл бөлініп отырғанын, таяу жылдары әскери қызметшілердің баспана мәселесі толықтай шешілетінін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061