Бас мүфти Украина мүфтиін қабылдады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Украина мүфтиі шейх Ахмет Тамимді қабылдады.
Кездесуде діни басқармалар арасында тәжірибе алмасу, мұсылмандардың ынтымағын арттыру, қасиетті Рамазанға дайындық жұмыстары талқыланды.
Шейх Ахмет Тамим Украина діни басқармасының қызметі жайлы баяндап берді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы елдегі және әлемдегі діни ахуал туралы ой-пікірлерімен бөлісті. «Бәріміздің мақсатымыз бір: ол – елдегі халықтар бірлігі мен тыныштығын нығайту, ұлтаралық қарым-қатынастарды жандандыру. Осы тұрғыдан келгенде дін өкіліне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Біз айналамыздағы елдердегі жағдайларға, діни ахуалдарға бейқам қарап, көз жұма алмаймыз. Өйткені ислам – бейбітшілікті уағыздайтын дін. Тыныштық орнамаған елде береке-бірлік болмайды», – деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Шейх Ахмет Тамим Қазақстанның жан-жақты өркендеп келе жатқанын жеткізді. «Біз әрқашан ізгі істерде бір-бірімізге көмекші болуға дайынбыз. Ортақ мүдделер мен ұлы мұраттар ғана бізді біріктіреді», – деді ол.
Abai.kz