ОҚО-да лаңкестер бандасына қарсы тұру бойынша әскери жаттығулар өтті
Шымкент. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданының территориясында территориялық қорғау ротасының арнайы жаттығуы өтті.
«Жаттығудың шартты аңызында, Ұғам асуы жағынан бір топ лаңкестер өтіп, шекара бекетіне шабуыл жасайды. Аздаған қақтығыстан соң лаңкестер жолаушылар автобусын басып алып оның ішіндегі адамдар кепілдікте қалып қояды», - деп түсіндірді машықтың сценарийін, ОҚО әкімдігінің мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, төтенше жеғдайлар және апаттардың алдын алу мен салдарын жою басқарма бастығы Кенжехан Төлебаев.
Жаттығу шарты бойынша, «диверсиялық топқа» қарсы тұру үшін ҚР ІІМ ішкі әскерлері мен облыстың ішкі істер департамент бөлімше күштері, оның ішінде «Арлан» арнайы жасақ бөлімшесі тартылды. Операцияны ОҚО облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов басшылығындағы штаб басқарды. Күш құрылымдарының алдында аймақтағы орналасқан бөлімшелер мен халықты жұмылдырып, ұрысқа дайындыққа келтіріп, маңызды нысандар мен тұрғындарды қорғауға алу мәселесі тұрды.
Жергілікті қорғауды ұйымдастыру үшін бір тәуліктің ішінде ҚР ҚК запастағы, жасы 25 пен 50 аралығындағы әскери қызметкерлері жұмылдырылып, олар қарулар мен киім-кешек алды.
Жаттығудың екінші - тактикалық бөлігі «Тау» оқу базасында өтті. Штаб бастығы Б. Оспанов жаттығудың барлық кезеңдеріне жалпы «жақсы» деген баға қойды.