Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3882 0 пікір 2 Шілде, 2013 сағат 05:33

Сарайшықты сақтап қалу мүмкін бе? Мүмкін cияқты

«Биылғы жылдың 15 мамырында «Ақ жол» Парламенттік фракциясының атынан Партия төрағасы Азат Перуашев Атырау облысы, Сарайшық қаласын су шаюдан қорғау мақсатында Жайық өзенінде бекініс салу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне депутаттық сауал жолдап,  Дешті Қыпшақтың астанасы болған Сарайшықтан  қалған асыл мұраны құтқарып, сақтап қалу үшін барынша күш салуға шақырған болатын» деп хабарлайды «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі. 

Осыған орай  ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов сан ғасырлар мемлекеттің символы болып келе жатқан тарихи маңызы бар Сарайшық қаласының орны мен оның жәдігерлерін келешек ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз екенін атап көрсете отырып, «Ақ жол» фракциясы депутаттарына нақты жауап берді. Премьер-министр өз жауабында: «Атырау облысының әкімдігіне берілген тапсырма  шешімін тауып, қазіргі кезде Махамбет ауданының Сарайшық ауылының маңындағы Жайық өзенінің ұзындығы 1,5 шақырым болатын жағалауын бекіту жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға жергілікті бюджет есебінен қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес өткізілетін конкурстың құжаттары әзірленуде» дейді.

Бұл сөз жоқ, көңілге сенім ұялататын жауап. Көзіқарақты жұрт біледі, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген соң Сарайшық қаласы (бұрынғы байтақ астананың орыны) ашық аспан астында қараусыз қалды. Сол себептен де Abai.kz ақпараттық порталының бетінен Сарайшық қаласының аянышты ахуалы жиі көрініс тауып тұрды, баһадүр хан бабаларымыз жайлаған ұлы астананың тарихы тұрақты жазылды. Қараңыз: Ғалым Доскен,  «Ұлы даланың астаналары» http://old.abai.kz/content/galym-dosken-yly-dalanyn-astanalary , Мұқан Исақан,   «Қазақ халқының астаналары»http://old.abai.kz/node/14310, «Қазақ хандығының алғашқы астаналары» http://old.abai.kz/node/5421, «Ұлттық тарих: Сарайшық су астына кетіп барады»http://old.abai.kz/content/ylttyk-tarikh-saraishyk-su-astyna-ketip-barady, Марат Қасенов, «Сарайшықты сақтап қалуға болады ма?» http://old.abai.kz/node/39924

Соңғы кездері үміт үзілгендей еді. Алайда, міне, жағымды жаңалық естіп отырмыз. Қысқасы Сарайшықты сақтап қалуға болады екен. Енді тек  істің барысын қадағалап, нәтижесін күтеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286