Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3381 0 пікір 2 Шілде, 2013 сағат 09:46

Табиғат Абаилдаев. Шынкеевті «шынжырмен» сүйрегендер қазақ күресін қорлады

Қазақ күресі – ұлттың ұстыны. Архипелаг мемлекет саналатын Жапония дзюдосын күллі әлемгі әйгіледі. Тіпті олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына енгізді. Текті қазақтың делебесін қоздыратын қазақ күресін шартарапқа танытуды қолға алғандар үшінші жыл қатарынан «Қазақ барысы» мега жобасын ұйымдастырды. Қазақтың кіл қапсағай денелі, тоқпан жілікті, сом тұлғалы толағайлары әр аймақтан оза шауып, жүлдеге сүйем қарыс жерге келіп,  сүрініп кеткенде тілімізді тістеп қалушы едік. Бұл жолы бәрі басқаша болды.

«Қазақ барысы» - Алаштың намысы еді. Енді міне намыс тапталды. Табанның астына түсті. Ерлеріміз еңсесі есеңгіреп, ез болды. Екі сөйледі. Құдай ақы, Қаракерей Қабанбайдың, Қанжығалы Бөгенбайдың ұрпақтары екі сөйлеп ез атанады деп кім ойлаған?

Қазақ күресі – ұлттың ұстыны. Архипелаг мемлекет саналатын Жапония дзюдосын күллі әлемгі әйгіледі. Тіпті олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына енгізді. Текті қазақтың делебесін қоздыратын қазақ күресін шартарапқа танытуды қолға алғандар үшінші жыл қатарынан «Қазақ барысы» мега жобасын ұйымдастырды. Қазақтың кіл қапсағай денелі, тоқпан жілікті, сом тұлғалы толағайлары әр аймақтан оза шауып, жүлдеге сүйем қарыс жерге келіп,  сүрініп кеткенде тілімізді тістеп қалушы едік. Бұл жолы бәрі басқаша болды.

«Қазақ барысы» - Алаштың намысы еді. Енді міне намыс тапталды. Табанның астына түсті. Ерлеріміз еңсесі есеңгіреп, ез болды. Екі сөйледі. Құдай ақы, Қаракерей Қабанбайдың, Қанжығалы Бөгенбайдың ұрпақтары екі сөйлеп ез атанады деп кім ойлаған?

Сонымен жарнамасы жер жиһанды дүр еткізген ұлы той 30 маусым күні елордадағы велотректе өтті. Өткен жылғы барысымыз, арысымыз Бейбіт Ыстыбаев бозкілемге беттегенде біз де үмітімізді үкілей түскен едік. Таутұрпат денелі бауырымыз бәрін дұрыс-ақ бастады, алғашқы қарсыласын алып ұрмаса да, шалып жығып, күшін сарқа жұмсап, келесі кезеңге бет алды. Екінші қарсыласы шығыстық Мұхит Тұрсыновты да жеңді. Оны көз көрді, көңіл түйсінді. Бұдан соң ширек финалда Сабыржан Әбілдаұлынан айласын асырды. Бәрекелді дестік. Даурыққан дау жартылай финалда орын алды. Финалға қиналмай жетуді мансұқ еткен біздің барыс қарағандылық қарсыласы Ержан Шынкеевпен белдесті. Ұлан Рысқұлды ұтып, желпінген Шынкеевтің Ыстыбаевты ысқылап көтеріп, алып ұруға қауқары жетпеді. Оңтайлы сәттердің бірінде әдіс жасап еді, онысынан да түк шықпады. Төрешілер ақылдаса келе, екі алақанын жерге тигізіп үлгерген Бейбітті әдіске алданған жоқ деп ұйғарым шығарды. Осы сәтте Шынкеев шыр-пыр болды. Қоян қолтық ұрыста Бейбіттің бетін қайтаратын қауқары жоқ екенін есептей білген бәкене бойлы Ержан шу шығарды. Мұны бір ғана біз емес, әлемнің 35 мемлекеті тікелей эфирде тамашалады. Шынкеев шу шығарғанына қарамастан, төрешілер өз сөздерінде тұрып, екеуін қоян-қолтық ұрысуға шақырды. Бұл жекпе-жекте Бейбіт қарсыласын бұйым көрмей, көтеріп алды да, бозкілемнің сыртына тастай салды. Бітті. Ыстыбаев финалда. Төрешілер қолын көтерді. Құдай ақы, енді Бейбітке жіті таныс  қарсылас Айбек Нұғымаров пен Ыстыбаевтың тайталасын тамашалаймыз деп отырғанда бағжаң қаққан көзіміз шарасынан шығып кете жаздады.

Біздің төрешілер мықты екен. Әлем тарихында болмаған шешімді қабылдай алатын күштері бар екен. Тіпті олар спортшылардан да қаймығады. Шынын айту керек, талай «комедияны» көріп, естен танғанымыз рас, бірақ сценарийі табан астында түзілген, жиырма минутта «корректировка» жасалған мынандай «трагикомедияны» көруіміз тұңғыш. Көрермендердің лақтырған пластмасс шөлмегінен секем алған қазылар қырық құбылды. Спортқа саясат әсер етті ме, әлде былтыр жеңген балуан биыл алмауы керек деген «қағидаттары» бар ма, онысын білмедік. Білген-көргеніміз сол, финалға шыққан Бейбіт батыр табан астында финалдан «жер аударылды». Қазылар өз шешімдеріне өздері қарсы шығып, дауысқа салды. Сөйтті де, жеңісті Шынкеевке бере салды. Бұл доданы әлемдік деңгейде ойып тұрып орын алатын беделі бар «Боец» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Күллі әлемге күлкі болдық. Қазақ күресінен де мәдениет кетті. Мән кетті.

Бейбіттің бапкері Елдос Далабайдың сөзі де далаға кетіп жатыр. Одан гөрі Шынкеев мықты болып тұр. Қазылардың алдына барып, дауласуына не жорық? Ол үшін бапкері бар емес пе? Мұндай «тәртіпсіз» спортшыны шындап келгенде турнирден тыс қалдыруға да болады ғой. Жоқ, басқа мемлекетте олай болғанымен бізде басқаша екен.

Құрметті оқырман қауым, Астана Тараздан 1300 шақырым қашықтықта жатыр. Ал, Қарағанды 200 шақырым қашықтықта. Демек, залда қарағандылық көрермендердің көптеп жиналуы да заңдылық. Ел шулады деп, жеңген балуанды жыға салатын болсақ, онда төрешілердің, әділ қазылардың мұндай жарысқа төрелік етуге қандай моральдық құқы бар? Үшкемпіров ағамыз енді «ұялып» жатыр. Басылымдардан енді бұл турнирге бармайтынын оқыдық. Төраға ретінде ешкім тыңдамағанын да аңдадық. Міне, біздің үлкенді сыйлау құрметіміз. Біз мықты халық екенбіз. Шын жүйрікті тұсаулауға шамамыз жететінін тағы байқаттық! Осы ма жеткен жеріміз?

Осылайша шын Құлагер емес, Көктұйғынның жолы болды. Біз Бейбітті жақтап отырғанымыз жоқ. Обьективті көзқарасымызды, көзімізбен көргенімізді жазып отырмыз. Бейбіт сылбыр күресті деп айып тағып, «кәйіп» болатындар бар. Таразда жүрген соң жақсы білеміз. Бейбіт бізге «финалға күшімді сақтап жетуім керек» дескен. Ал ұлттың мақтанышы күшін сарқып жүріп, біреудің астына жалпасынан түсті ме, жоқ! Бейбіт финалда күресуі керек еді. Ол былтыр жартылай финалда шығыстың мақтанышы, өте мықты балуан Айбек Нұғымаровты жеңген болатын. Ал, финалда Шалқар Жоламановты жолда қалдырғанын да жақсы білеміз. 2011 жылы да ширек финалда Айбек Нұғымаровты атынан аударып тастағанын көз көрген. Бұл жерде биыл да Бейбіт сөзсіз шабар еді деп кесімді пікір айтып отырғанымыз шамалы, тек, өткен жылғы мәліметтерді келтіріп отырмыз. Ал, Бейбіт финалда күрескенде, шын мықтыны бозкілем анықтар еді. Лайықтысы жеңіске жеткенде, ешкім қарсы болмайтыны ақиқат. Жамбыл облысындағы қазақ күресінің майын ішкен мамандар бұл күндері жоғарғы биліктің ұшар басында отырған азаматтарға наразылық хатын жолдап та үлгерді. Мәтінімен таныс болыңыз. Біздікі қоғамдық ой қозғау ғана. Жазғанымыздан ештеңе өзгермес, дегенмен мұндай сәтте үнсіз қалуға тағы болмайды, құрметті оқырман. Қазылар жайлы жазылған «сбежій естелігіміз» осымен тәмам. Қалғанын өздеріңіздің патша көңілдеріңізге қалдырдық. Шынкеевті «шынжырмен» сүйреп финалға шығарғандарға да өкпеміз жоқ. Бәріне Тәңір төреші ғой.   

 

 Қазақстан Республикасының президентінің әкімшілігінің бастығы

 К.К Мәсімов мырзаға;

 

«Нұротан» халықтық демократиялық партиясы

Төрағасының  бірінші орынбасары

Б.Байбек мырзаға;

 

«Самрұқ Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры төрағасы

Ө.Е.Шөкеев мырзаға;

 

Қазақстан Республикасының

 спорт және денешынықтыру істері агенттігі төрағасы

Е.Қожақапанов мырзаға;

 

Дүниежүзілік қазақ күресі

 федерациясының президенті

С.Түкеев мырзаға

 

2013 ж.«Қазақстан барысы»

Турнирінің бас төрешісі

Ы.Нұртаев  мырзаға;

 

Жамбыл облыстық қазақ күресі

Федерациясының өкілдерінен

Мекен жайымыз: Тараз қ, Саңырық батыр 57

Тел. 8(7262)31-64-39, 31-65-40

                                                              

Наразылық

Біздің жазбаша наразылық жазу себебіміз 2013 жылдың маусым айының 30 жұлдызында өткен тұнғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың  жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» турнирінде Жамбыл облысының  палуаны Б.Ыстыбаевпен Қарағанды облысының палуаны Е. Шынкеевтің арасында болған ақтық бәсекеге жолдама белдесуінде Қазақ күресі ережесінің қатаң өрескел  бұзылғандығы.

Біріншіден, ереже бойынша жоғарыда аттары аталған палуандар бес минут күресті, екі палуан тең аяқтады. Ереже бойынша тең аяқтаған палуандар белдеседі, ережеге сәйкес, белдесуде қай палуан жеңсе сол палуанға жеңіс беріледі, аталған кездесуде Е. Шынкеев ұтылып, төрешілер алқасы жамбылдық Б. Ыстыбаевқа жеңіс берілгендігін хабарлады, бірақ 20 минуттан кейін төрешілер алқасы халыққа Б. Ыстыбаевтың жеңілгендігін хабарлады.

Екіншіден,  тең аяқталған белдесуден кейін  олимпиадаға қатысқан Е. Шынкеевтің төрешілермен дауласып, 15-20 минут бедесуге шықпауын қалай тусінуге болады? Қандай елдің күресінде ортаға шыққан палуанның төрешілермен дауласып, өзінің қалай күрескендігін бозкілемде дәлелдеген? Басқа күрес түрлерінде ондай палуандар тез арада жазаға тартылады. Халық наразылық білдірді деп жеңісті жеңілген палуанның уысына ұстатуды қалай түсінеміз, халыктың шуын географиялық жағдайға байланысты түсінуге болады ғой, Қарағанды бар жоғы 200 шакырым, ал Тараз каласы 1300 шакырым, көрермендердін әрине көп пайызы Қарағандыдан, 20 күн бұрын қолының шынтағы шығып, жарақаттанғанына  қарамай ақтық белдесуге жолдама алған Б.Ыстыбаевтың еңбегінің зая кеткендігі ме? Бұл турнир қаншама Қазақстан телеарналарынан, шет елдердің телеарналарынан көрсетіліп отыр, бұл қазақ күресін дүние жүзіне паш ету емес, қорлау. Бүкіл әлемдік  халықаралық  жарыстарда күрес ережесін өрескел бұзу орын алмаған, қортындылай келгенде, кенеттен шығарған әділқазылар алқасының шешіміне қарсылығымызды білдіреміз.

Бұндай шешім халықаралық  жарыс практикасында  кездескен емес. Қысқасы, Е. Шынкеевті белдесуде таза жеңіп, ақтық айқасқа жолдама алған Б. Ыстыбаевтың жеңілгендігі туралы шешім шығарған қазылардың шешіміне келіспейміз.

Сондықтан, қазақ күресінің ережелеріне сәйкес, аталмыш наразылыққа заңмен көрсетілген мерзімде жауап беруді  сұраймыз.             

Жамбыл облыстық қазақ күресі

Федерациясының вице президенті

Н.Жүнісбеков,

Өкілдері:

Р. Мұхаметқалиев,

Е .Далабай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616