Жұма, 31 Қазан 2025
2155 0 пікір 4 Қыркүйек, 2023 сағат 11:34

Министр Шәріпханов WhatsApp нөмірін жариялады

WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтің ведомствоның жеке құрамына арналған телефон нөмірі іске қосылды. Министрмен тікелей байланыс желісі 4 қыркүйекте жұмысын бастады. 

«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды», - делінген ТЖМ мәліметінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1306
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10866