Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3262 0 пікір 9 Шілде, 2013 сағат 05:58

Владимир Путин: «Кедендік одақтың негізін салушы, әкесі – Сізсіз»

РФ-ның президенті Владимир Путин шілденің 7-сі  Астанаға келіп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бейресми кездесу өткізді. Екі ел басшыларының кездесуі кезінде әңгіме өзегіне айналған тақырыптардың ішінде «Байқоңыр» мәселесі де бар.  Бірақ, БАҚ арқылы тараған ақпараттарға қарағанда, қоғамды дүр сілкіндірген «Байқоңырдағы» апатты Путин: «Өкінішке қарай, бұл сала (ғарыш) - күтпеген оқиғалар болып тұратын сала. Қазіргі бар мәселелер шешілетін болады. Бізде бөлек, бірлескен жұмыс бағдарламасы бар», - деп сөз арасында ғана айтып өткен. Ал, Қазақстан президенті болса, екі ел халқының достығы нығайып, Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ құру ісі аясында мемлекетаралық саяси-экономикалық қатынас бұрынғыданда жақсара түскенін сөз қылған  да апат туралы тіс жармаған. Өз кезегінде Путин: «Кедендік одақтың негізін салушы, әкесі – Сізсіз. Бұл – Сіздің идеяңыз. Біз оны жүйелі дамытып келеміз» депті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарап.

Abai.kz

http://akorda.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354