Жексенбі, 24 Қараша 2024
1283 0 пікір 4 Қыркүйек, 2023 сағат 13:01

Шахтадағы өрт: Тергеу тағы 10 күнге созылады

«Қазақстан» шахтасындағы өрт оқиғасын тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы тағы 10 күнге ұзартылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова мәлімдеді.

«Қазір шахтаның апат болған учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп жатыр, көмекке 14 кенші жұмылдырылды.

Тоғыз бөгет тұрғызылды және олар 100% толтырылды, 3 бөгеттін құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Сонымен қатар өрт ошақтарын сөндіру жалғасуда.

Газ мөлшері бақылауға алынған. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды», - деді ресми өкіл.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні шыққан болатын.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

Шахтаның астында қалып қойған бес кеншінің денесі табылды.

18 тамыздағы жағдай бойынша медицина мекемелерінде өрттен зардап шеккен 11 кенші ем қабылдап жатты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576