Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3771 0 пікір 15 Шілде, 2013 сағат 10:56

Амантай Тойшыбайұлы. Павлодар өзге қалаларға үлгі болады

Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы болған қасиетті Рамазан айын павлодарлықтар үлкен құрметпен қарсы алып жатыр.

Павлодар қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің үлкен асханасында ай бойы күн сайын ауызашар жасайтын мекемелер мен кәсіпорындардың тізімі жасалып, бақылауға алынуда. Ең негізгісі осы ауызашарларға тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы мүшелері, соғыс және еңбек ардагерлері, зағип жандар, балалар үйлері, қарттар үйі, жалғыз басты қарттар қатарлы әлеуметтік аз қамтылған топтарды қамтып отыруды «Мәшһүр Жүсіп» мешіті өз бақылауында ұстайды.

Сонымен қатар қалалық орталық базардың 1 – қабатындағы ет сататын бөлімге ауыл шаруашылығының «Халал өнімдер» бөлімі ашылып ол жерге де «Қасиетті Рамазан мүбәрәк болсын!» деген жазуы бар баннер орнатылып, жылқы, қой еттері мен сүт тағамдары ай бойы арзандатылған бағамен сатыла бастады.

Қаланың ең негізгі көшелері  саналатын Қ.Сәтбаев даңғылы мен Кутузов көшесі бойындағы адамдар ең көп жүретін жерлерге Рамазан айына арналған 2 билборд орнатылды. Ал қалалық трамвай басқармасы қала ішіндегі барлық бағыттарда жүретін 60-қа жуық трамвайдың терезесіне «Ораза қабыл болсын!» деген жазуы бар жарқағаздар ілсе, қалалық автобус паркі қала ішінде қатынайтын маршруттық 50-ден астам автобустың ішіндегі мониторына «Рамазан айы мүбәрәк болсын!, Ораза қабыл болсын!», – деген жазбалар орналастырды. Автобус мониторындағы жазулар Рамазан айы бойы әрбір 2 минут сайын қайталап шығып тұратын болады.

Облыс көлеміндегі барлық қала, аудан, ауыл мешіттері ауласына ҚМБД-дан көрсетілген үлгідегі бірыңғай баннерлер ілінді. Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, қалалық «Ақмешіт», «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттері мерекелік әшекейлер, нақыштармен безендірілді. «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен Рамазан айына арналған уағыз-насихат жазылған 3 түрлі бүктемелерге қоса Рамазан кестелері түрлі-түсті қағаздарға мол көлемде жасалып жамағатқа таратылуда. Ал тарауық намаздарын өткізуге қалалық мешіттерде арнайы қарилер алдырылып, күн сайын 1 – 2 пара оқылады, жалпы орталық мешітте тарауық намазына тұрақты 800 – 1000  адам үзбей қатысуда.

Кез келген басқа мерзiммен салыстырғанда жақсылықтар мен сауаптар сансыз еселенiп жазылатын Рамазан айының қадірін біз түсініп болғанша, зулап өте шығады. Ендеше Рамазан айындағы зор нығметтерден құр қалмайық, ағайын! Алла Тағала Рамазанның әрбір сәтінен өз үлесімізді алып, Жәннат қақпаларынан жүзіміз жарқын боп кіруді нәсіп еткей!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290