Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2280 2 пікір 6 Қыркүйек, 2023 сағат 16:19

Жамаубаев АЭС құрылысына қанша қаражат кететінін атай алмады

Жамаубаев АЭС бойынша референдумға қанша қаражат кететінін атай алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, референдумға қанша қаражат кететінін орталық сайлау комиссиясы айтуы тиіс.

«Ең алдымен, референдум қашан өтетінін айқындап алайық. Сол кезде ғана оған қанша қаражат кететінін айта аламыз», - деді Жамаубаев.

Жамаубаевтың сөзінше, Орталық сайлау комиссиясы референдумды биыл өткізуге дайын болса, олар үкіметке бюджет процесіне сәйкес тапсырыс береді.

«Бірақ оның бәрінің есептеулерін алмай тұрып, қалай айтам. Мүмкін аз болар, мүмкін көп болар, көреміз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйектегі жолдауында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдум өтетінін айтқан еді.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1360
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2945
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1014
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 953