Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3812 0 пікір 15 Шілде, 2013 сағат 11:02

Қазнет: жаңа видеожоба. Студент Абайды орыс тілінде сөйлетті

10-шілдеде қазақстандық блогер Бақытжан Бұхарбаевтың "Men Qazaqpyn" жобасының алғашқы шығарылымы жарық көрді. Бұл - мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілін жетік меңгеріп алған өзге ұлт өкілдерінен алынған видеосұхбаттар.

Алғашқы бағдарлама қонағы болып Денис Сердюк шақырылды. Ол осы уақытқа дейін желі операторларының бірінде колл-центр қызметкері болып, күн сайын мыңдаған қазақтілді абоненттердің қоңырауларына жауап беріп отырған. Ол шығарылымды мына жерден көруге болады - http://www.youtube.com/watch?v=Ut5Cd7lAHDI

"Men Qazaqpyn" апта сайын, сейсенбіде шығып тұратын болады. Қазірде 10-нан астам сұхбат түсіріліп қойылды. Бақытжанның айтуынша, жоба басталарда оның қазақ тілін меңгерген және камера алдында еркін сөйлеуге дайын болатын өзге ұлт өкілдерін таба аламын ба деген қаупі болған екен. Алайда ол қауіп бірден сейілді, оған қоса бағдарлама қонағы болғысы келетіндер санының артып кеткендігі соншалықты, бүгінде оларға арнап түсіру күндеріне арнайы «кезек» құруға тура келді. 

Жоба кейіпкерлері қарапайым адамдар: студенттер, кәсіпкерлер, журналистер, аудармашылар, инженерлер; олар қазақ тілін үйренудегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, оны меңгерудегі ең тиімді әдістерді айтып отырады.

Жоба мақсаты: қазақ тілі айналасындағы таптаурын болған пікірлерді жою. Мысалы, оны меңгеру өте ауыр және де қазақ тілі тек мемлекеттік қызмет пен телевидение үшін керек сынды сылтауларды сейілту. 

Кейіпкерлердің бірі - студент Михаил Чурсин. Ол Абайдың "Қара сөздерін" қазақшадан орысшаға өздігінен аударып шыққан. Оның ойынша, қолда бар аударма - нәрсіз, қазақ классигінің мұрасын бар бояуында көрсетпейді. 

Жоба әр аптаның сейсенбісінде видеосервистер мен блог-платформаларда, әлеуметтік желілерде шығып тұрады. Әр бағдарлама орыс тілінде субтитрлармен беріледі.

"Men Qazaqpyn" бағдарламасының ресми арналары:

http://yvision.kz/yvtv/menqazaqpyn

http://kiwi.kz/user/menqazaqpyn/

http://www.youtube.com/user/menqazaqpynproject

Бақытжан Бұхарбаев блогы - http://barkorn.yvision.kz/

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282