Алмас Темірбай. Құлады протон төбемнен...
[Экспромт]
Төгілді гептиль төбемнен,
Күйдіріп жерді көгерген!
Ұрпағым туса кемтар боп,
Кінәсін кімнен көрем мен???
Қайтейін, амал жоғына?!
Қараймыз орыс қолына!
Алты жүз тонна улы газ,
Алты Алашымның сорыма?!
Қазалым жатыр уланып,
ҚАЗАҒЫМ жатыр уланып!,
Келіндерімнің кетпегей
Кеуделеріне у дарып?!
Құлдилап "Протон" құлайды-ай,
Көк пен Жер жасын бұлайды-ай.
Сезгендей соны сәбилер
Сұп-сұр боп неге жылайды-ай?!
Төбемнен сорым сорғалап,
Төгілді гептиль тонналап!
Беймарал, бейбіт елімді,
Жатқандай жауым бомбалап!
Зерттеушілерің оу, ана,
Өтірік қалай соғады, ә?!
"Зияны жоқ" деп алдайды,
Зиянсыз У да бола ма?!
Әңгіме естіп әртүрлі,
Көзіме менің зәр тұнды!
Мұсабаевтай мырзалар,
Алдайды неге халқымды?!
Байқоңыр деген бәленің,
Бейнетін тартар әлі елім.
Шырылдап туған ұрпаққа,
Шындықты айтар қане, кім?!
Күбірлеп іштей ел байғұс,
Дірілдеп іштей жер байғұс!
Қорқақтап ана-а-ау Аспанға,
Қарайтын болдым, мен байғұс...
Қармақшы менен Қазалым,
Аз ба еді көрген азабың?!
...Құдайым, өзің сақтай гөр,
Қызылорданың қазағын...
[Экспромт]
Төгілді гептиль төбемнен,
Күйдіріп жерді көгерген!
Ұрпағым туса кемтар боп,
Кінәсін кімнен көрем мен???
Қайтейін, амал жоғына?!
Қараймыз орыс қолына!
Алты жүз тонна улы газ,
Алты Алашымның сорыма?!
Қазалым жатыр уланып,
ҚАЗАҒЫМ жатыр уланып!,
Келіндерімнің кетпегей
Кеуделеріне у дарып?!
Құлдилап "Протон" құлайды-ай,
Көк пен Жер жасын бұлайды-ай.
Сезгендей соны сәбилер
Сұп-сұр боп неге жылайды-ай?!
Төбемнен сорым сорғалап,
Төгілді гептиль тонналап!
Беймарал, бейбіт елімді,
Жатқандай жауым бомбалап!
Зерттеушілерің оу, ана,
Өтірік қалай соғады, ә?!
"Зияны жоқ" деп алдайды,
Зиянсыз У да бола ма?!
Әңгіме естіп әртүрлі,
Көзіме менің зәр тұнды!
Мұсабаевтай мырзалар,
Алдайды неге халқымды?!
Байқоңыр деген бәленің,
Бейнетін тартар әлі елім.
Шырылдап туған ұрпаққа,
Шындықты айтар қане, кім?!
Күбірлеп іштей ел байғұс,
Дірілдеп іштей жер байғұс!
Қорқақтап ана-а-ау Аспанға,
Қарайтын болдым, мен байғұс...
Қармақшы менен Қазалым,
Аз ба еді көрген азабың?!
...Құдайым, өзің сақтай гөр,
Қызылорданың қазағын...
Abai.kz