Жексенбі, 13 Қазан 2024
Ақмылтық 2390 0 пікір 9 Қыркүйек, 2023 сағат 15:31

Тимур Құлыбаевқа да тықыр таянған сияқты...

Біздің сайт бұған дейін бұрынғы президенттің қарындасы Әнипа Назарбаеваның бар-жоғы 3450 (үш мың төрт жүз елу) теңге баж салығын төлеумен бауырына басқан колледжден айырылғаны туралы жазған болатын.

Енді тықыр осы уақытқа дейін асығы алшысынан түсіп келе жатқан экс-перезиденттің күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа да таянған сияқты. Бұлай дейтініміз.

Астана қаласының «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі» (БҚДА) «ТЭК-Казахстан» ЖШС сауда үйіндегі жанар-жағар май саудасындағы жоғарғы баға белгілеу мен қызмет көрсету саласындағы монополия орнатушылыққа қатысты былық-шылықтың бетін ашты.

Осыған орай әкімшілік құқық бұзушылықты қарастыратын ауданаралық сот өзінің 20 сәуірдегі шешімімен «ТЭК-Казахстан» ЖШС сауда үйіне 1,6 млрд теңге айыппұл салған болатын.

Бірақ бұл сауда үйінің нағыз иесі бизнесмен Тимур Құлыбаев болып табылады. Ақыры 24 мамырда қайыра өткен сотта Сауда үйі сот шағымын кері қайтара алмай, салынған айыппұлды ақыры таяуда ғана төлеп құтылды. Осындайда, «Ендігі кезек халықтан жегенін құсатын Нұрсұлтанның қай туысынікі?» деген ойға қаласың.

Abai.kz

0 пікір