"Өзбекстан тату қарым-қатынастағы Әзербайжанның территориалдық тұтастығы мен егемендігін қолдайды. Оған қол сұққан кез келген әрекеттерді айыптайды. Қарабақта өткен президент сайлауын мойындамайды", - делінген мәлімдемеде.
Таулы Қарабақтағы мойындалмаған "халықтық парламент" 9 қыркүйекте арнайы жиналыс өткізіп, 45 жастағы Самвел Шахраманянды президент етіп сайлады.
"Жабық дауыс беруге 23 депутат қатысы, 22-сі Шахраманянды қолдады, біреуі қарсы дауыс берді", - деп мәлімдеді "Интерфакс". Шахраманян президенттікке жалғыз үміткер болған.
1 қыркүйекте Таулы Қарабақтың мойындалмаған президенті Араик Арутюнян өзінің отставкасын жариялаған.
Сайлауды Еуропалық одақ та мойындамады.